Қор нарықтары орталық банк өкілдері мәлімдемесінің қысымында қалды

Жарияланды
Шығарушы редактор
қор нарықтарына

Фото: kursiv.media

Қор нарықтарына орталық банк өкілдерінің мәлімдемесі әсер етті. Жұма күнгі сауда- саттықта АҚШ қор нарықтары көтерілді. S&P 500 индексі – 1,23%, Nasdaq Composite – 1,70%, Dow Jones 1,05%-ға өскен. Бұл туралы KASE шолуында жазылған.

Индекс құрамындағы технологиялық сектор өсім байқатты. Мәселен, чип өндіруші компаниялардың акциялары қатты қымбаттады. Оған Taiwan Semiconductor Manufacturing көрсеткіші бұған дейінгі болжамдарда да асып түсіп, нарықтың жасанды интеллектіге қатысты көңіл-күйі әсер еткен.

Nvidia акциялары 4,2% өсіп, 594,91 долларды құрап,осы күнге дейінгі ең жоғары көрсеткішке жетті. Ал Advanced Micro Devices балағы қағаздары 7,1% қымбаттаса, Texas Instruments 4%-ға көтерілді.

Төртінші тоқсандағы табысы екі есе өскеннен кейін, Travellers Company акциялары 6,7%-ға өсті, ал Fifth Third Bancorp акциялары нақты қаржы нәтижесі болжамнан асып түскен соң, 2,9%-ға өсті.

Еуропа қор нарықтарына не әсер етті?

Ал Еуропа қор нарықтары жұма күні әр бағытта жабылған. Stoxx 600 – 0,26%, DAX 40 0,07%, CAC 40 – 0,40% және FTSE 100 – 0,04%-ға аздап өсті. Нарық орталық банк басшылары мәлімдемелерінің қысымында қалып отыр. ЕОБ Басқарушы кеңесінің мүшелері нарық орталық банктің биыл мөлшерлемелерді төмендету көлемін асыра бағалайтынын атап өтті.

Ал ФРЖ мөлшерлемелерді төмендету циклі алдында сақ болуға шақырды. Кристофер Уоллер ФРЖ пайыздық мөлшерлемені ел күткендей қарқында төмендетпеуі мүмкін деді.

LVMH және Hrmes 0,6%, ал Mercedes, Volkswagen және Airbus 1% дерлік жоғалтты. Есесіне ASML 1,5% қосты, қазіргі қарқынына Тайвань жартылай өткізгіш өндірісі нәтижелері әсер етті.

Жапонның Nikkei 225 индексі дүйсенбіде 1,05%-ға өсіп, 36 339,50-ге жетті. Tokyo Electron (+2,7%), Advantest (+3,6%), Disco Corp (+0,8%), Lasertec (+3%) және Socionext (+4,4%) акциялары айтарлықтай өсім көрсетті.

Shanghai Composite индексі дүйсенбіде 0,79%-ға төмендеп, 2809,82-ге жетті. TCL Zhonghuan (-3,3%), Contemporary Amperex (-1,6%), Longi Green Energy (-1,5%), iSoftStone (-5,3%) және Ja Solar Technology (-2,7%) акциялары құлдырады.

KASE индексі 0,22 пайыз жоғалтып, 4357,35 тармақты құраған. Индекстің өкілетті тізіміндегі акциялар арасында мәмілелердің ең көбі «Қазақстан Халық Банкі» АҚ акцияларымен жасалды – 1 058. Көлемі жағынан«Kaspi.kz» АҚ акциялары басым болды – 149,0 млн. «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ (+0,87%), «Кселл» АҚ (+0,50%) және «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (+0,12%) акциялары өсім көрсеткен.

Сондай-ақ оқыңыз