Бейрезиденттер жыл басынан бері 40 млрд теңгеге ҚР ҰБ ноттарын сатып алған.
Нәтижесінде олардың меншік үлесі бір апта бұрынғы 0,9%-дан 5%-ға дейін өсті. Бұл туралы Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы хабарлайды.
Қаржыгерлер биыл шетелдіктердің Ұлттық банк ноттарына қызығушылығы артқанына назар аударады. Бейрезиденттер ҚРҰБ ноттарына салған инвестиция 4 есе өсіп, 0,4-тен 50,0 млрд теңгеге дейін жеткен. Нәтижесінде олардың меншік үлесі бір апта бұрынғы 0,9%-дан 5,0%-ға дейін өскен.
«Шетелдік инвесторлардың дамушы елдердің активтеріне қызығушылығының артуына ФРЖ-ның мөлшерлемелені жақын арада төмендете бастайды деген болжам ықпал етуі мүмкін», – дейді қаржыгерлер.
Сонымен қатар жұма күнгі сауда қорытындысы бойынша USD/KZT жұбы 247,3 миллион доллар (+45,9 миллион) сауда көлемімен бір доллар 449,96 теңгеге (-1,76 теңге) сатылды.
«Оған базалық мөлшерлеменің жылдық 15,25%-ға дейін төмендеуі, Ұлттық қордан шетел валютасын айырбастау көлемдерінің ұлғаюы, резидент еместердің ҚР ҰБ ноталарына қызығушылығының артуы сынды ішкі факторлар әсер етті. Жыл басындағы тауарлар импорты және мұнай бағасының жоғары болуы, инвесторлардың тәуекелге баруы сырды сыртқы фактор бар», – делінген хабарлама.
Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi ноталары – ҰБ эмиссиялайтын мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар. Олар бойынша міндеттемелерді Ұлттық Банкi көтереді.
Айта кетейік, өткен жылы Қазақстан Ұлттық банкі депутаттардың квазимемлекеттік сектордың ақшасын Ұлттық банк ноталарына орналастырға тыйым салу туралы ұсынысын қолдамаған еді.
«Ұлттық Банк, өз кезегінде, квазимемлекеттік сектордың ақшасын Ұлттық Банктің ноталарына орналастыруға тыйым салуды енгізу жөніндегі ұсынысты қолдамайды, себебі бұл еркін нарықтық қатынастар қағидатына қайшы келеді», – деп жауап берді Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов депутаттардың ресми сауалына.
Оның айтуынша, Ұлттық банктің ноталары алғаш орналастырылғаннан кейін екінші айналымға еркін өтіп, барлық инвесторға қолжетімді болады.
Осыған дейін мәжіліс депутаттары Ұлттық банк төрағасына жолдаған хаттарында квазимемлекеттік секторға 1 трлн теңге бөлінгенін алға тартып, оларды Ұлттық банк ноталарына орналастыруға тыйым салуды ұсынған.
2023 жылы «Салық Кодексі» әзірл болатын. Оған сәйкес, банктердің Ұлттық Банктің ноталары бойынша табысына салық салуды енгізу көзделген. Сүлейменовтың айтуынша, бұл өзгеріс банктердің өтімділікті тәуекелсіз құралдарға инвестициялау мүддесін төмендетуге мүмкіндік береді. Айтуынша, ол да экономиканы кредиттеуге бағытталуы мүмкін.