Жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу құны 20%-дан астам қымбаттайды

Жарияланды
Шығарушы редактор
Жылжымайтын мүлікке
Фото: shutterstock

Алдағы уақытта пәтер, басқа да жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеу қызметі қымбаттауы мүмкін. Қазіргі кезде бұл мемлекеттік қызмет құны 1073,7 теңгені құрайды. ЦДИАӨМ басшысының жаңа қаулысы негізінде ол бірден 20,24 пайыз қымбаттап, 1292,64 теңге болмақ.

Министрліктің «Азаматтарға арналған үкімет» корпорацисы қызмет құнына қатысты қаулысы «Ашық НҚА» сайтында жарияланған. Бұл қаулыдан мекеме көрсететін қызметтердің жаңа бағасы белгіленген.

Көппәтерлі тұрғын үйді тіркеу құны жеке тұлғалар үшін 12 518,61 теңге ал заңды тұлғалар үшін 15 589,54 теңге болмақ. Ал гаражын өз атына тіркегісі келген жеке тұлға – 1281,27 теңге, ал заңды тұлғалар – 1533,39 теңге төлемек. Бұл бағалар қосымша құн салығынсыз көрсетілген.

Меншік құқығын, жерді пайдалану және жер учаскесіне өзге де құқықты тіркеу де қымбаттайды. Жеке тұлға 1 127,72 теңге төлесе, заңды тұлғалар үшін баға 1 347,61 теңге болып бекітілген.

Корпорацияның фронт-офистері арқылы кондоминиум объектісін тіркеу қазір 2147,3 теңгеден 767,55 теңгеге дейін арзандамақ. Бұл ретте кондоминиум объектісін бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйемен тіркеу 2998,72 теңгені құрайды.

Міндеттемелері ипотекамен қамтамасыз етілген банктік займ шартымен құқығын басқаға беруді тіркеу азаматтар үшін 1175,11 теңге болады. Ал заңды тұлғалар 1410,17 теңге төлейді.

Жылжымайтын мүлікке құқық иесі екенін дәлеледейтін құжаттың дубликатын алу қызметі 1169,42 теңге тұрады.

Құжатты қоғамдық талқылау 2 ақпанға дейін жалғасады. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік мекемесінің жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеу қызметінің қазіргі бағасы 2018 жылы бекітілген.

Қазақстанда үй алатын кезде не ескеру керек екені туралы мына материалдан оқуға болады.

Сондай-ақ оқыңыз