Алматыдағы барлық жиналу нүктесі ашық және жұмыс істейді – әкімдік

Жарияланды (жаңартылды )
Алматыдағы барлық жиналу нүктесі ашық және жұмыс істейді/ Фото: Алматы әкімдігі

Алматы әкімдігі қаланың әр аймағында төтенше жағдай кезінде халық жиналатын орындардың жұмыс істеп тұрғанын хабарлады.

Көбінесе, бұл құрылыс стандарты мен ережелерге сәйкес келетін білім беру ұйымдары: мектептер, балабақшалар, колледждер, университеттер.

«Барлық мәлімет 2ГИС Алматы платформасында орналасқан. Іздеу кезінде «зардап шеккен халықты қабылдау пункті» деп терсеңіз, картадан халық жиналатын орындар көрсетіледі. Мұндай деректер Алматы қаласы ТЖД және аудандық әкімдіктердің ресми сайтында қолжетімді. Қазіргі уақытта аудан әкімдіктерінің қызметкерлері жиналу орындарында»,  – делінген хабарламада.

Сонымен қатар барлық стационар, перзентхана, жедел жәрдем қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.

«Жалған ақпарат таратпаңыздар. Барлық дерек тек Алматы қаласының ТЖД ресми сайтына шығады»,  – делінген хабарламада.

Сондай-ақ оқыңыз