Жаңалықтар

Зілзаладан қорғайтын капсула 2,5 млн теңге тұрады

капсула
Зілзаладан қорғайтын капсула 2,5 млн теңге тұрады/Фото:Krisha.kz

Зілзала кезінде кез-келген адам қауіпсіз жерге жасырынғысы келеді. Қауіптен қорғайтын құрылғылардың бірі – капсула. Бұл капсуланы жапон ғалымдары ойлап тапқан. Өйткені Жапония жер сілкінісі мен цунамиден ең көп зардап шегетін мемлекеттердің бірі. Бұл – елде қазіргі кезде осы капсулаға деген сұраныс өте жоғары.

Krisha.kz сайты Жапондық құтқарушы капсулаларға зерттеу жасады. Сайттың ақпаратына сәйкес, бұл құрылғы жер сілкінісі кезінде ғана емес, цунами болған жағдайда да адам өмірін құтқара алады екен. Құтқару капсуласы тіпті суға да батпайды.

«Капсула өте берік және шамамен 20 тонна қысымға төтеп бере алады. Ол жер сілкінісі кезінде құлап жатқан жиһаздардан, әйнектер мен кірпіштен құтқара алады. Капсулаға бір уақытта бірден төрт адам кіруге болады», – делінген Krisha.kz сайтында.

Айта кетейік, капсуланың диаметрі  – 1 метр 20 сантиметр, ал салмағы  – 80 килограмм.

Мұндай капсуланың бағасы – 2,5 млн теңге тұрады.

Еске сала кетсек, ҚР ТЖМ «Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 23 қаңтарда Алматы уақытымен 00 сағат 09 мин 02 сек жер сілкінісі тіркелді.

Алматы әкімдігі қаланың әр аймағында төтенше жағдай кезінде халық жиналатын орындардың жұмыс істеп тұрғанын хабарлады.

Көбінесе, бұл құрылыс стандарты мен ережелерге сәйкес келетін білім беру ұйымдары: мектептер, балабақшалар, колледждер, университеттер.

«Барлық мәлімет 2ГИС Алматы платформасында орналасқан. Іздеу кезінде «зардап шеккен халықты қабылдау пункті» деп терсеңіз, картадан халық жиналатын орындар көрсетіледі. Мұндай деректер Алматы қаласы ТЖД және аудандық әкімдіктердің ресми сайтында қолжетімді. Қазіргі уақытта аудан әкімдіктерінің қызметкерлері жиналу орындарында»,  – делінген хабарламада.

Егер сіз сейсмикалық қауіпті аймақта тұратын болсаңыз жер сілкінген кездегі қауіпсіздік шараларынан хабардар болғаныңыз жөн. «Курсив» тілшісі мамандардың кеңесін ескере отырып, шағын нұсқаулық әзірледі. Күрделі табиғи құбылыс ретінде зілзаланы дәл болжау мүмкін емес. Сондықтан мұндай жағдайда жедел қимылдау маңызды екенін жазған едік.