«Банк ЦентрКредит» еншілес ұйым құратын болды

Жарияланды
«Банк ЦентрКредит» еншілес ұйым құратын болды Фото:kursiv.media

«Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамына «ВСС-HUB» ЖШС еншілес ұйымын құруға рұқсат беру туралы қаулы қабылданды. Бұл туралы ҚР қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі хабарлады.

«Агенттік Басқармасымен «Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамына «ВСС-HUB» ЖШС еншілес ұйымды құруға рұқсат беру туралы 2024 жылғы 23 қаңтардағы №1 қаулы қабылданды»,– делінген ақпаратта.

«Банк ЦентрКредит» құрылып жатқан «ВСС-HUB» компаниясы осы банктің барлық тобына қызмет көрсететінін айтты. Банктің PR-директоры Сәкен Нығмашев бұл компания тағы да технологияларды енгізуге, жаңа сервистер құруға және жетілдіруге жауапты болатынын атап өтті. Сондай-ақ, компания қаржылық емес сервистермен де айналысады.

Естеріңізге сала кетсек, 35 жылдық тарихы бар банктің республика бойынша кең филиалдық желісі бар. Қазақстан бойынша 19 филиалда және 160-тан астам бөлімшеде жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсетеді. Банктің клиенттері клиенттері  – 3 млн астам жеке тұлға және 140 мыңнан астам заңды тұлға. BCC кәсіпкерлікті қолдаудың барлық мемлекеттік бағдарламасына белсенді қатысады және сарапшылар қауымдастығы тарапынан бірнеше рет Қазақстандағы ШОБ үшін үздік банк ретінде танылды.

Сондай-ақ оқыңыз