Түркия парламенті Швецияның НАТО-ға кіруін мақұлдады

Жарияланды
Түркия парламенті Швецияның НАТО-ға кіруін мақұлдады / REUTERS/Yves Herman

23 қаңтар күні Түркия парламентінің бас ассамблеясы Швецияның НАТО-ға мүше болуы туралы хаттаманы ратификациялауға дауыс берді.

Ратификацияны 287 депутат қолдап, 55 депутат қарсы болды. 

«Бүгін біз НАТО толық мүшесі болуға бір қадам жақындадық»,– деп түсіндірді Швеция премьер-министрі Ульф Кристерсон Анкарадағы дауыс беру нәтижесінен кейін.

Швеция мен Финляндия Ресейдің Украинаға басып кіруінен кейін 2022 жылы НАТО-ға кіруге өтініш берді. Финляндия ресми түрде 2023 жылдың 4 сәуірінде Солтүстік Атлантикалық альянстың мүшесі болды. Швецияның НАТО-ға қабылдануын осы уақытқа дейін екі мемлекет – Түркия мен Венгрия құптамады.

Түркия Швецияның өтінішін мақұлдаудан бас тартып келуінің басты себебі Швеция ресми Анкара террорист деп санайтын күрд белсенділеріне қолдау көрсеткен. Швеция Түркияның талаптарын орындап, келіссөздер мен шарттардан кейін, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған түрік парламентіне Швецияның өтінімін қабылдау туралы құжатты жіберді.

Қазіргі таңда Швецияның НАТО-ға мүшелігі туралы хаттамаға қол қоймаған бір ғана Мажарстан қалды. Бұл Швецияның бірқатар екі жақты келісімдерді мақұлдауын талап етіп отыр.

Екі ел басшылары Будапеште кездесіп, Швеция өтінішін талқылаған. Оның қорытындысы әлі белгісіз.

2022 жылдың 24 ақпанында Ресей Украина аумағына басып кіріп, толыққанды соғыс бастады. Осы күнге дейін АҚШ пен Еуропа одағы Украинаға қаржылай және әскери көмек көрсетіп келеді.

Украина билігі бүкіл елде әскери жағдай енгізіп жатыр. Бұл туралы Украина президенті Зеленский мәлімдеген. ТАСС агенттігінің хабарлауынша, Украина президенті Ресейдің Украинадағы инфрақұрылым нысандарына соққы берілгенін айтқан.

Ал АҚШ президенті Джо Байден Путиннің мәлімдемесінен кейін «Ресей Украинаға, жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қарсы негізсіз агрессия танытып отыр» деп айыптады. Қазіргі кезде батыс елдері Ресейге қарсы санкция жариялап жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз