Бизнеске қымбат «софт» сатып алғаныңызға өкінбеу үшін не істеу керек?

Жарияланды (жаңартылды )
Бизнеске қымбат «софт» сатып алмас бұрын не істеу керек/ Фото:shutterstocks

Шағын және орта бизнес мекемелері (ШОМ) жаңа жұмыс орындарының ашылуына, инновация мен бәсекелестіктің артуына, сонымен қатар мемлекет экономикасының бірқалыпты дамуына үлес қосады.

Сарапшы DAR компаниялар тобының басқарушы серіктесі Болат Садқұловтың айтуынша, шағын және орта мекемелерге кей кезде сапалы ұйымдастырылған процестер жетпейді.

«АҚШ-тың Еңбек статистикасы бойынша федерал бюросы 1993 жылдан бері шағын компаниялардың өмір сүруіне қатысты есеп жүргізеді. Алғашқы жылы  мекемелердің 18 пайызы  жабылса, келесі 4 жылда жартысына жуығы жұмысын тоқтатады. CB Insights аналитика компаниясының дерегіне сүйенсек, 40 пайыз жағдайда мекемелер алғашқы кезеңдегі қаржы мәселелерін шеше алмаған. Дегенмен қате құрылған бизнес модель, дұрыс таңдалмаған қызметкерлер, уақытылы дайын болмаған өнім,  бағыттың сәтсіз ауысуы және инвесторлар мен команданың келісе алмауы да компания жұмысының сәтсіздігінің негізгі себептерінің бірі,»-дейді Болат Садқұлов.

Оның ойынша, келеңсіздіктің алдын алу үшін бизнес процестерді дұрыс құруда асығыстық танытпаған абзал.

Сонымен бірге қызметкерлерге арналған нұсқаулық, менеджмент пен бақылау құралдары мәселені дер кезінде анықтауға, компания бағытын реттеуге мүмкіндік береді. Ал ол үшін қиын құрылымның қажеті жоқ.

Болат Садқұлов компаниядағы бизнес процестерді жақсартудың оңай жолы туралы айтып берді.

ШОБ-ке аgile не үшін керек?

Agile ағылшын тілінде икемді деген мағына береді. Яғни, бұл – шағын бизнеске қойылатын талап. Бұл – компания өнімділігін артық шығынсыз-ақ жақсарту тәсілі.

Әдістемені бағдарламашылар дайындаған және Apple, IBM мен Microsoft сияқты IT-компанияларда танымал. Дегенмен технология секторына жатпайтын бизнеске де жарайды. Мәселен, Procter & Gamble сынды технологиялық емес компания да әдістемені жұмысына енгізген.

«Agile әдістемесінде өнім дайындап жатқанда жұмыс уақыты бір-екі апта сияқты қысқа интеграцияларға (уақытша интервалдарға) бөлінген. Қызметкер басшылыққа түгел орындалған жұмысты емес, осы уақытта немен айналысқанын көрсетеді. Презентацияның жартысын жасасаң – дизайнға күшіңді жұмсама: көрсетіп, кері байланыстан кейін қателерді дұрыста. Көбіне қызметкерлер бар күшін құжатқа, есепке жұмсайды. Қорғау кезінде жобаға жұмсаған үш аптасы үшін көңілі түсіп, конструктив диалог орнына ұжымда конфликт пен талас туады. Алайда мәселе есепте емес қой, бізге керегі тапсырыс берушіге қажет дүниені беру. Ал қатені үш күнде-ақ табуға болады. Мен ұзақ интеграцияларға кеңес бермеймін», – дейді сарапшы.

Agile тиімділігі неде?

Садқұловтың пікірінше, күн сайын лездеме, стендап ұйымдастырып тұруға болады. Қызметкерлер кездесу кезінде смартфонға үңіліп алаңдамауы, ұйықтап кетпеуі үшін тұрып тұрады. Әрқайсысы «Не істедім? Не істеймін? Өнімді дайындауға не кедергі?» деген үш сұраққа жауап береді. Нәтижесінде барлығы жұмыстан хабардар, барлық деңгейдегі ақпарат ортаға салынады.

«Үшінші элемент – ретроспектива – қатемен жұмыс. Мәселен, шұлықтың бір бөлігін сатсаңыз, ұжыммен курьер, логистика, тұтынушы қате мекенжай айтты дегендей ненің дұрыс болмағанын талқылайсыз. Компания ең болмағанда осы үш элементті қолданса, Agile деп есептеуге болады.

Forbes авторы Том Таулидің шағын бизнеске арналған Agile туралы мақаласында әдістемені енгізбес бұрын алғашқы кезде келеңсіздік тумауы үшін ұжымды оқытып, қажет дүниелерді түсіндіру керегін айтады», – дейді ол.

Қай кезде аgile қажет емес?

Agile стратегиялық жоспарлау емес. Әуел баста бағытты анықтап алу керек, қажет болса, қайда баратынымызды белгілеп алған жөн. Презентацияның алғашқы беті, бизнес жоспардың алғашқы парағы –көрініс. «Кім болғың келеді?: IT-дегі нөмірі бірінші ойыншы, ет сату шебері, Алматыдағы үздік ондыққа кіретін өндіріс компаниясы» сияқты сұраққа жауап береді.

Сонымен қатар миссия «Не істегің келеді?» деген сұраққа жауап береді. Көлікке ең жақсы дөңгелек әкелу ме? Ең арзан көлік бөліктерін сату ма? Одан кейін – позиция: көлікке дөңгелек сату бойынша үздік болу не қазақ тілінде IT туралы кітап шығаратын жалғыз баспагер. Сосын мақсат қою: бір, екі, үш, бес жылға мақсат айқындаймыз. Сөйтіп Agile қолданып, әрі қарай жылжуға болады.

Өнімділікті арттыру үшін тағы не істеуге болады?

«ШОБ үшін цифрлы сауатты арттыру маңызды басымдықтардың бірі болуы керек. Техникалық прогреске бейімделмеген ұрпақ барын есте ұстаған абзал. Қойын дәптер, қалам іздеп,  «компьютер тауып, құжат жіберуім керек» дейтін басшылар арамызда әлі де бар. Бірақ керісінше «Тек смартфоным бар, компьютер сатып алмаймыз, бизнес үшін тым қымбат» дейтін басшылар да кездеседі. Нәтижесінде екі ұрпақ бір-бірімен тіл табыса алмайды, өйткені түсінбейді. Ал бұл бизнес үшін қауіпті», – дейді ол.

Одан басқа ұжымның өзгеріп жатқан жағдайға жылдам бейімделе алмауы да бизнес үшін қауіпті. Сондықтан өзгерістерді басқару сияқты құралды игеру керек екен.

Басқару құралдары

Болат Садқұлов мүмкіндік болса қатаң жоспарлардан бас тартуға кеңес береді.

«Мысал ретінде, 2020 жылы короновирус локдаунының алдында қашықтан жұмыс істеуге ауысуымызды айтар едім. DAR-да екі күн ішінде кішігірім жұмыс тобымен қашықтан жұмыс істеу протоколын дайындап, барлық процесті ұйымдастырдық. Нәтижесінде, 20 наурызда түгел ұжым қашықтан жұмыс істеуге көшті. Өзгерісті басқару бойынша сынақтан өткен процестер көмектесті. Басқа бизнестер сол уақытта қалай ауысарын ойлап жатқан еді.

Егер Lean Management қолдансаңыз, өзгеріп жатқан сыртқы шарттарға да жылдам жауап беру оңай. Бұл – компанияның тұтынушы үшін өндіріс процестерінде шығынды азайтып, бағаны максимизациялауға үнемі талпынуы. Тұтынушы үшін баға – төлей алатын құн. Дайын өнім бағасын арттырмайтын кез келген жұмыс не процесс шығын болып саналады.

Lean Management-ке сүйенсек, компания алдымен ішкі процестерін түсініп, әлсіз тұстарын анықтайды, жұмыс процесінің үзілмеуіне қол жеткізуге тырысады және бәрінен бұрын қызметкерлерге тұрақты жиналып, жұмысты оңтайландыру бойынша ұсыныс білдіруге мотивация береді. Компанияңыз үнемдей бастайды, ал ұжымыңыз инновациялар мен жұмыс бағытының бірден өзгеруіне дайын болады», – дейді ол.

Бизнесті басқаруға не пайдалы?

Сонымен қатар оның айтуынша, күнделікті қайталанатын жұмысты автоматтандыру да бизнес үшін пайдалы.

«Біз бизнесті басқаруға арналған 5Qit цифрлы платформасын жасауды өзіміз қолға алдық. Онда жобаларды, өтініштерді мақұлдау процестерін басқару, қызметкерлердің цифрлы сауатына қарамастан тапсырма беру, құжат айналымы мен іс-қағаздарды жүргізу, корпоратив байланыс пен онлайн кездесулер, протоколдар мен құжаттарға қол қою қарастырылған. Барлығы бөлек-бөлек қолданбаларда емес, бір қауіпсіз жүйеде жинақталған. Бірақ мұндай жұмысты ұйымдастыру үшін алдымен ішкі процестерді жақсартып, ұжымдағы байланысты реттеу керек, ал біз тұтынушыларға ойға алғанды іске қосу не бас тарту керегіне no-code бизнес шешім арқылы көмектесеміз. LMS көмегімен корпоратив оқыту да артық болмайды, өйткені білім алуға жұмсалған инвестиция қашан да жақсы нәтиже береді. Жақсы негізбен алға жылжу қашан да тиімдірек», – дейді ол.

Сондай-ақ Data Science бизнеске не үшін керектігі жайлы жазғанбыз. Data Science (DS) — статистика, математика, жүйелік талдау және машинаны үйрету секілді деректермен жұмыс істеудің барлық кезеңінен қамтитын  пәнаралық сала. Ол ақпараттың аса үлкен массивтерін зерттейді және талдайды.  Ең маңыздысы — ол алдымен практикалық нәтижелерді алуға бағытталған.

Kaggle жүргізген статистикаға сүйенсек, компаниялар бизнестің көлеміне қарамастан Data Science пайдалана береді. Ал IDC мен Hitachi жүргізген зерттеу нәтижесіне қарасақ, кәсіпорындардың 78 пайызы анализ жасалатын, алынатын ақпараттың саны кейінгі кездері әжептәуір өскенін растаған.

Сондай-ақ оқыңыз