Жаңалықтар

3000 теңге қарызы бар қазақстандық банкрот деп жарияланды

3000 теңге қарызы бар қазақстандық банкрот деп жарияланды/ Фото:shutterstocks

Мемлекеттік кірістер комитеті әлеуметтік желідегі «3000 теңге қарызы бар қазақстандық банкрот деп жарияланды» деген мәліметке қатысты ресми түсініктеме берді.

«Өтініш берген кезде азамат «Дебиторлармен жұмыс жөніндегі Коллекторлық агенттігі» ЖШС-і бойынша 1 738,7 мың теңге мөлшерінде қарыз сомасын көрсеткен. «Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ-ның деректеріне сәйкес қарыздың нақты сомасы 2 кредитордың алдында «СФК» union trust ЖШС, «Еуразиялық банк» АҚ – 1 473,3 мың теңгені құрайды. Қарыздың негізгі көрсеткіш сомасы — 962 мың теңге, орташа сома — 1,6 млн теңге, минималды сома — 2978 теңге»-делінген хабарламада.

2023 жылдан бастап қазақстандықтарға өзін банкрот деп жариялауға заңды рұқсат берілген болатын. Былтыр 8,3 мың қазақстандық осы статусты алды.

Барлық кредитор «Мемлекеттік кредит бюросы» АҚ-ға өздерінің қарыз алушылары бойынша берешек сомалары мен мерзімдері туралы мәліметті ұсынуға міндетті.

Қазақстан азаматтары банкроттық аясында 110 млрд теңгеден астам қарызды кешіруге өтініш тастады деп хабарлаған болатынбыз.

Сонымен қатар, Мемлекеттік кірістер комитеті банкроттыққа өтініштердің қабылданбай қалу себептерін атаған болатын.

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов төлем қабілеттілігін қалпына келтіріп, банкроттық жарияламауға тырыспаған жөн екенін айтқан. Сондай-ақ банкроттықты «қара дақ» деп атады.

Қазақстанда банкроттықтың салдары енді жаңа заңда көрсетілген. Несие алуға 5 жылға тыйым салынады, жаңа банкроттыққа жеті жылға тыйым салынады. Сондай-ақ қаржылық жағдайды үш жыл бойы міндетті түрде бақыланады.

Банкроттық дегеніміз адамның алдағы 3-5 жыл ішінде елдің қаржы жүйесінен айырылу екенін түсіну керек.

Сондай-ақ банкроттық туралы заңның оң және теріс әсері жайлы жазған болатынбыз.

Көптеген сарапшы жаңа  заңда көрсетілген барлық талапты дұрыс түсініп алуы керектігін айтады.
Белгілі экономист-сарапшы Сапарбай  Жұбаев аталған заң негізінен жеке азаматтар үшін шығарылғанымен оның оң әсерінен бөлек зиянды тұстары бар дейді.  

Оның сөзінше, банкроттық туралы заң жеке азаматтарға арналған. Заңның оң әсері банк немесе шағын несие ұйымдары алдындағы берешегін өтей алмай жүрген азаматтардың қарыздарынан құтылатыны.