Қазақстандағы жалғыз патрон зауыты мемлекетке дивиденд төлеуден босатылады  

Жарияланды
«Жаңалықтар» бөлімінің арнайы тілшісі
Қазақстандағы жалғыз Қарағанды патрон зауыты дивиденд төлеуден босатылады /shutterstock

Қарағанды ​​патрон зауытына иелік ететін Steel manufacturing компаниясы мемлекетке дивиденд төлеуден босатылады. Оның 100% акциясы «Қазақстан инжиниринг» мемлекеттік қорғаныс холдингіне тиесілі.

Үкіметтің  «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы мемлекеттік қатысу үлестеріне кірістер туралы» қаулысына тиісті толықтырулар енгізілуде, деп жазылған қоғамдық талқылауға шығарылған қаулы жобасында.

Ұсынысқа негіздемеде толығымен мемлекет меншігіндегі Steel manufacturing компаниясы 2022 жылдың қорытындысы бойынша жеке бронды қорғаныс құралы сынақ орталығын құру үшін дивиденд төлеуден босатылатыны айтылған. Бұл қазіргі уақытта Қазақстан аумағында жеке бронды қорғаныс құралы сынақ орталығының (ЖБҚҚ) жоқтығымен түсіндіріледі.

Осыған байланысты барлық отандық ЖБҚҚ өндіруші сәйкестікке бағалау үшін Ресей Федерациясының тиісті органдарына жүгінеді.

2023 жылдың 29 тамызында премьер-министр Әлихан Смайылов Қазақстан аумағында ЖБҚҚ сынақ орталығын құруға тапсырма берген. Ол үшін үкімет қорынан ақша да бөлінген. Алайда кейін тиісті уәкілетті орган үкімет қорынан ақша бөлу мүмкін еместігін көрсеткен (себебі айтылмаған).

Қарағанды патрон зауыты

Steel manufacturing компаниясының өзінің жобаларын қаржыландыруға қаражаты жеткіліксіз. Сондай-ақ қаржыландырудың баламалы негіздері де жоқ. ҚР Бюджет кодексінде қорғаныс-өнеркәсіптік кешені үшін жеңілдетілген қаржыландыру қарастырылмаған. Елімізде қаржы институттары, дамыту институттарында қорғаныс-өнеркәсіптік кешенін қаржыландыру бойынша шектеу қойылған. Олардың арасында «Қазақстан Даму Банкі», «Өнеркәсіпті Дамыту Қоры», «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры бар.

Осыған байланысты үкімет тарапынан қорғаныс-өнеркәсіптік кешен кәсіпорындарына қолдау көрсету үшін Steel manufacturing компаниясын дивиденд төлеуден босату қажет. Ол жеке қарауды және республикалық бюджеттік комиссияның оң шешімін талап етеді.

Үкімет қаулысына сәйкес жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде үлесі бар мемлекеттік органдар таза табысының кемінде  70%-ын дивиденд төлеуге жіберу керек. Бұл ретте  көрсетілген 70%-дан төмен ұйымдардың дивиденд көлемін бекіту мәселесі  міндетті түрде республикалық-бюджеттік комиссияның қарауын талап етеді.

«Сарыарқа» АЭА (Қарағанды) аумағындағы «Stel Manufacturing» ЖШС патрон зауытының құрылысы 2016 жылы Қорғаныс министрлігінің бастамасымен басталды. Бастапқыда кәсіпорын «Қазтехнология» АҚ құрылымында болды. 2023 жылдың 23 ақпанында патрон зауыты «Қазақстан Инжиниринг» ҰК-ның тікелей меншігіне және басқаруына берілді. Ашық дереккөздердегі деректер бойынша, өндіріске құйылған инвестицияның жалпы көлемі шамамен 28 млрд теңге. Зауыттың өндірістік қуаты жылына 30 миллион патрон.  Канадалық компания – жабдық пен технологияны жеткізуші және серіктес болды. Steel Manufacturing 2020 жылы патрондардың бірінші партиясын шығарды

2020 жылдың 7 мамырында «Сарыарқа» АЭА аумағында Steel Manufacturing компаниясының Қазақстандағы жалғыз патрон шығаратын зауыты іске қосылды. Оның құрылысы бастапқыда екі жылға жоспарланды. Кейін бес жылға созылды. Инвестиция көлемі 28,1 млрд теңгені құрады. Зауыттың іске қосылуы Қазақстанның барлық әлеуетті ведомствосының патронға деген қажеттілігін толығымен өтейді деп болжанған. Сондай-ақ жаңа экспорттық әлеует ашады деген жоспар болған.

Зауыт канадалық технологиялар бойынша тапанша мен мылтық патрондарын шығарады. Жобалық қуаты жылына 3 миллион жез патрон шығару. Зауыттың негізгі өнімдері: 9х18 мм, 9х19 мм калибрлі тапанша патрондары және 5,45х39 мм, 7,62х54 мм калибрлі мылтық патрондары. Кәсіпорында 164 адам жұмыс істейді. Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ұсынысымен зауытты жекешелендіру жоспарланған болатын, бірақ кейін бұл идеядан бас тартылды.

Сондай-ақ оқыңыз