Терроризм актісі туралы хабардың таратылуына байланысты Ақтөбе облыстық полиция департаменті сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
«Әлеуметтік желілерде белгісіз тұлғалар Ақтөбе мектептерінде қылмыс жасауға дайындалып жатқаны туралы ақпарат таралуда. Осы факті бойынша полиция департаменті терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Осы ақпаратты таратқан тұлғалар анықталып, елдің заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады», – деп мәлімдеді Ақтөбе облыстық полиция департаменті.
Полиция департаменті оқу орындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бейнебақылау және білім беру мекемелеріне жақын жерде полиция жасағының санын көбейту арқылы күшейтетінін мәлімдеді.
«Азаматтардан арандатушылыққа берілмеуді сұраймыз», – деді Ақтөбе облыстық полиция департаменті.
Бұған дейін белгісіз біреу әлеуметтік желіге өмір сүрудің мәнін жоғалтқанын жазды. Ол психологтың қабылдауында болғанын, қару ұстауға рұқсат алғанын мәлімдеді.
«Менің стандарттарым бойынша біз кем дегенде 10 мектепті аралаймыз, өйткені мен жалғыз болмаймын. Біз 500-ден астам баланы өлтіре аламыз. Бізге жұманы күту керек. Мен жолдастарыммен бірге Ақтөбеде бір бөлмені жалға алып, қазір теракт жасауға дайындалып жатырмыз. Біз мұны көптен күттік, ақыры арманымызды орындаймыз», – делінді терроризм актісі туралы жазбада.
Жазба авторы әлеуметтік желі қолданушыларына: «сағат 12:00-де тікелей эфирді бастайтын чат құрғанымды қалайсыз ба» – деп сұрақ қойды. Сонымен қатар ол өзі туралы адамдардың көбірек білгенін қалайтынын нақтылады.
«Тікелей эфирде барлығын түсіреміз, мектептерде атыстың болғанын, балалардың өлтірілгенін тікелей эфирден көресіздер. Эфир осында болады. Бұл жеке чат болады, онда мен адам өлтіруді таратамын. Трансляция сағат 12:00-де басталады», – деп жазған адам бірнеше сілтеме қалдырған.
24 қаңтарда пайда болған телеграм каналға жазылушылар саны 6 мыңнан асып жығылады.
ҰҚК Оңтүстік Қазақстанда шет елден келген азамат жасамақ болған террорлық әрекеттің алдын алғаны туралы хабарлаған едік. Комитет ақпаратына сәйкес, осыған ұқсас фактілер бойынша жалпы 19 адам ұсталған. Қазақстанның тағы 4 азаматы әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталыпты.
Сонымен қатар, ҰҚК әлеуметтік желілерде таратылатын радикалды идеологияның, әсіресе, жастарға деструктивті әсер ету қаупі туралы ескертеді. Экстремистік мазмұндағы интернет-ресурстарына кіруден бас тарту сұралады. Ал ата-аналар балалардың радикалды әрі терроризмді насихаттайтын сайттарды оқуы қадағалануы керек.
Ал 2022 жылы ҰҚК 2 террорлық актінің алдын алған. Сонымен бірге Экстремистік әрекеттерге қатысқан және терроризмді насихаттаған 42 адам ұсталған. ҰҚК полициямен бірлесіп, бірқатар аса қауіпті қылмыстық топты құрықтады, бандиттік ұйымдардың 22 мүшесі тұтқындалды. Нәтижесінде 700-ге жуық қару-жарақ, 54 граната, 17 мыңнан астам оқ-дәрі тәркіленді. Жарты жылдың ішінде елімізде 15 есірткі лабораториясы, 23 халықаралық және 40 аймақтық есірткі каналдары жойылды, 3 есірткі плантациясы әшкереленді. Шетелдік серіктестермен бірлесіп, халықаралық есірткі тасымалына қарсы күрес аясында 14 халықаралық арнайы операция жүзеге асырылды.