Қытай аумағында тағы да жер сілкінді: бір түнде 5 рет болған жер сілкінісін алматылықтар сезбеді

Жарияланды
жер сілкінген
Фото: Pixabay.com

Қазақстанда бір түнде бес рет жер сілкінген. Бұл жайлы Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС-ның станциялар желісі хабарлады.

«Алматы уақыты бойынша 07 сағат 43 минут 34 секундта (Гринвич уақыты бойынша – 2024 жылдың 25 қаңтары 01 сағат 43 минут 34с мекунд) жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 275 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан», – делінген хабарламада.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11,6 құраса, магнитудасы – 5,5,һ MPV. Тереңдігі 15 км. Бұл жер сілікінісін қазақстандықтар сезбеген.

Дәл осындай тербелістер таңғы 3:50-де, 4:21-де, 7:13-те, 7:24-те болған. Жер сілікінісінің ошағы 266-274 шақырым жерде Қытай аумғында орналасқан. Барлық тербеліс Қазақстанда қатты сезіле қоймаған.

Еске сала кетсек, бірнеше күн бұрын Алматыда жер сілкінген болатын. ҚР ТЖМ «Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 23 қаңтарда Алматы уақытымен 00 сағат 09 мин 02 сек жер сілкінісін тіркеді. 

Бұл жағдайға байланысты Алматы әкімдігі қаланың әр аймағында ТЖ кезінде халық жиналатын орындарды ашты. 

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаевтың айтуынша, жер сілкінісі кезінде дабыл тек 5,5 баллдан асқан кезде қағылады.

«Қалада 843 электрлі дабыл қағу құрылғылары бар. Бұл қаланы 100% қамтып отыр. Жер сілкінісінің магнитудасы 5,5 баллдан асқан кезде ғана дабыл қағылады. Ал түнде қалада болған тербеліс күші 4-5 балл шамасында болды. Сондықтан ажиотаж тудырып, елді бекер дүрліктірмеу үшін дабыл қағылмады», – деді Атығаев. 

Сонымен бірге Алматы қаласы ТЖД тапсырысы бойынша 2023 жылдың соңына қарай зілзала жайлы ерте хабарлау автоматтандырылған жүйесінің 28 сейсмикалық стансасының құрылысы аяқталғанын хабарлады. Жоба кезең-кезеңмен жүзеге асқан. Яғни 2022 жылы 11 сейсмикалық станса салынса, 2023 жылы 17 сейсмикалық станса салынып біткен. Жер сілкінісін ерте хабарлау жүйесі қазір тәжірибелік пайдалануға берілген. Шетелдік тәжірибеге сәйкес, апробациялық кезеңнен өтіп жатыр және сынақ режимінде. Жүйе әлі алты ай сынақтан өтеді.

Ел сейсмологтарының айтуынша елімізде 7 балдық жойқын зілзала болмайды. Сейсмологиялық байқаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық ахуалды бағалау жөніндегі комиссиясы алдағы күндері Алматы болжау полигонының аумағында магнитудасы 5,6 ал қарқындылығы 7 балл және одан жоғары балды құрайтын (MSK -64 – сейсмикалық шкаласы бойынша) күшті жер сілкіністері 70% ықтималдықпен күтілмейтінін мәлімдеді.

Сондай-ақ оқыңыз