2024 жылы Қазақстан арқылы Өзбекстанға 550 мың тонна Ресей мұнайы жеткізіледі

Жарияланды
Шығарушы редактор
 Өзбекстанға 550 мың тонна
Өзбекстанға тасымалданатын мұнай көлемі артпақ: Фото: shutterstock

2024 жылы Қазақстан арқылы Өзбекстанға 550 мың тонна Ресей мұнайы тасымалданады. Бұған дейін Қазақстан арқылы 500 мың тонна мұнай өту тиіс еді.

«ҚазТрансОйл» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, компания қаңтар айында Өзбекстанға 25 мың тонна мұнай жеткізеді.

«Энергетика министрлігі бекіткен мұнай жеткізу кестесіне сәйкес қаңтар айында «ҚазТрансОйл» АҚ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Өзбекстан Республикасына 25 мың тонна Ресей мұнайын жеткізеді», – делінген хабарламада

Ресей мұнайын Өзбекстанға «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі арқылы тасымалдауды 2017 жылы бастаған.

Транзит көлемі 2017 жылы 67,9 мың тоннаны, 2018 жылы 35,8 мың тоннаны құраған.

2019-2022 жылдары Ресей мұнайы Қазақстан арқылы тасымалданбады. 2023 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ Өзбекстан Республикасына 154,3 мың тонна Ресей мұнайын жеткізді.

«ҚазТрансОйл» 2023 жылы 1 ақпанда Ресей мұнайын транзитпен тасымалдау қызметі тарифін тоннасына 25,12 доллардан 27,9 долларға дейін көтерді.

Былтыр наурыз айында Ресей Федерациясындағы барлық магистралдық мұнай құбырларына иелік ететін ресейлік «Транснефть» және «ҚазТрансОйл» жүйелері «Газпром» мұнайын жөнелте бастады. Өсімнің ықпал етуіне де осы фактор себепші болған.

«ҚазТрансОйл» 2023 жылы өз құбырлары арқылы 250 мың тонна Ресей мұнайын Өзбекстанға тасымалдайтынын хабарлаған. Кейіннен жоспар 180 мың тоннаға дейін азайды.

Мұнай «Омбы – Павлодар – Шымкент – мұнай тиеу тірегі Шағыр мұнай тиеу тірегі» (темір жол цистерналарына тиеу) бағыты бойынша тасымалданады.

Осы орайда ресейлік «Ведомости» басылымы Ресей мұнайы Қазақстанды Өзбекстан нарығынан ығыстырып барады деп жазды.

Ресей мұнайын жөнелту қазақстандық қара алтынның ресейлік Urals сұрпына қарағанда қымбатқа саудалана бастауынан кейін ұлғайды.

Сондай-ақ оқыңыз