Алатау қаласы жоғары жылдамдықты интернетке қосылды

Жарияланды
Қазақстандықтар үшін арзан және жылдам интернет / коллаж kursiv.media

Қазақстандықтарды сапалы интернетпен қамтамасыз ету үшін қандай жұмыс атқарылуда. Бұл туралы «Курсивке» берген эксклюзивті сұхбатында Freedom Telecom СЕО директоры Қайрат Ахметов айтып берді. Оның айтуынша, Қазақстан аумағында бой көтеретін жаңа Алатау (бұрын Жетіген ауылы Алматыдан 60 шақырым жерде – ред.) қаласында қазірдің өзінде жоғары жылдамдықты интернет желісі бар.

Жоғары жылдамдықты таңдау

Ахметовтің сөзіне сүйенсек, Freedom Telecom қазіргі таңда жоғары жылдамдықты интернет қызметін көрсетеді.

«Қала тұрғындары 500 мб/с интернетті таңдады Бұрын басқа байланыс операторларының жылдамдығы 100 мб/с болған. Бұл ауыл тұрғындарына жылдам әрі сапалы байланыс керек екендігін білдіреді. Алдағы уақытта қамту аймағы бойынша Қазақстандағы барлық байланыс операторлардан да ауқымды желі құрғымыз келеді», –деді ол.

Байланыс нарығындағы Tesla

Қайрат Ахметовтің айтуынша, Freedom Telecom-нің Теle2 сынды байланыс нарығындағы дискаунтер(төмен бағалы байланыс операторы – ред.) болуға ұмтылмайды. 

Freedom Telecom стратегиясы Tesla-ға ұқсас. Илон Масктың компаниясы әлемдегі алғашқы электромобильдерді құрастырып шығарды. Tesla Model Y Toyota Corolla сатылымын басып озды. Сондай-ақ ол Tesla ең қымбат машинаны, яғни Tesla Model S көлігін сата бастағанын айтты. Бұл қазір BMW 7 S класының бәсекелесі.

2023 жылдың қазан айында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі Қазақстанда 250 адамнан аз халқы бар жүздеген ауыл жерүсті байланыс желілерімен қамтамасыз етуге қиын аудандарда орналасқанын хабарлады. Сондай-ақ Қазақстанның алыс аймақтарындағы 176 ауыл интернетке қосылғанын айтты.

Цифрлық даму министрлігі байланыс операторларының деректеріне сүйене отырып, 4 858 ауыл кең жолақты интернетке қол жеткізгенін мәлім еткен. Оның  67% 3G (2 813 ауыл) және қалғаны 4G (2 045 ауыл) мобильді технологияларына қолдануға мүмкіндік алған. Сондай-ақ ADSL (модем технологиясы) технологиясы бойынша интернетпен 1 950 ауыл қамтылды. Оптикалық байланыс жүйесі 2 606 ауылға жетті. Мобильді интернетсіз 1 432 ауыл (23%) бар.

Алатау қаласы туралы не білеміз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 9 қаңтарда Алматы облысының аумағындағы Жетіген ауылына облыстық маңызы бар қала мәртебесін беру туралы жарлыққа қол қойды. Ауыл Алатау қаласы болып өзгертілді.

Кейінірек Ұлттық экономика министрлігі ауылдың қала мәртебесін не үшін алғанын түсіндірді. Бұл жолдарды, инженерлік, әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін жаңғыртуға, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құруға, инвестициялар, технологиялар мен қосымша қаржы қаражаттарын тартуға мүмкіндік береді.

Үкімет АЭА аумағын (арнайы экономикалық аймақ) 30 мыңнан 96,5 мың гектарға дейін кеңейту туралы қаулы қабылдады. G4 City АЭА-ны Alatau АЭА-ға деп өзгерту туралы шешімді мақұлдады. Осылайша Алатау қаласының барлық аумағы мен Қонаев қаласының бір бөлігі АЭА аумағына жатқызылды. АЭА объектілері жобалық қуаттылықты бекіткеннен кейін олардың жиынтық табысы 47,3 трлн теңгені құрамақ. Оның ішінде 17 трлн теңге мөлшерінде мультипликативтік әсер. АЭА аумағында ЭҚЖЖ-ның (Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші) 17 басым қызмет түрлері бойынша 12,5 трлн теңгеге 170-тен астам жоба орналастырғысы келеді. 110 мың жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда.

Freedom Telecom – 2023 жылы құрылған Қазақстан нарығындағы жаңа Телеком операторы. Freedom Holding экожүйесіне кіреді. Компанияның он филиалы бар. Олар Астана, Түркістан, Шымкент, Өскемен, Атырау, Семей, Ақтау, Алматы, Қонаев және Тараз қалаларында. Компанияның клиенттері қатарында жеке тұлға, ірі, орта, шағын бизнес және мемлекеттік органдар бар. Компания 2024-2025 жылдары 5G технологиясы бойынша жұмыс істейтін мобильді оператор құруға ниетті. 

Сондай-ақ оқыңыз