Ақтөбеден Қостанайға газ құбырын тарту үшін техникалық-экономикалық негіздеме әзірленді

Жарияланды (жаңартылды )
Ақтөбеден Қостанайға газ құбырын тартуға ТЭН әзірленді /

Ақтөбеден Қостанайға газ құбырын тартуға техникалық-экономикалық негіздеме әзірленіп, сараптамаға жіберілді. Бұл туралы облысқа қатысты кеңес отырысында Үкімет басшысы Әлихан Смайылов айтты.

Премьер-министр Ақтөбе облысынан Қостанайға дейін жаңа газ құбырын салу туралы шешім қабылданғанын атап өтті.

«Жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп, сараптамаға жіберілді. Энергетика министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және QazaqGaz-бен бірге осы бағытта жұмысты жеделдетуі қажет. Әкімдік өңірді газдың қосымша көлемімен қамтамасыз етуді ескере отырып, инвесторлармен олардың жобаларын іске асыруды үйлестіру бойынша жұмыс жүргізуге тиіс», — деді Смайылов.

Сонымен қатар 2023 жылдың тамыз айында Үкімет Амангелді және Жангелді аудандарын, Арқалық, Жітіқара және Лисаков моноқалаларын дамытудың кешенді жоспарларын бекітті. Оларды іске асыруға республикалық бюджеттен 78 млрд теңге қарастырылатын болды.

«Ақтөбе – Қостанай» магистральдық газ құбырын жобалау 2024 жылдың I тоқсанында аяқталады. Қостанай облысын одан әрі газдандыру және ірі өнеркәсіптік объектілерді газбен қамтамасыз ету мақсатында «Ақтөбе – Қостанай» магистральдық газ құбырының құрылысын жобалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Осыған дейін Ақтөбе облысынан Қостанай қаласына дейін жаңа газ құбыры салынатыны хабарланған. Бұл жоба елдімекендерді, оған қоса көп отын көлемін қажет ететін ірі инвестициялық аумақты газдандыруға мүмкіндік береді. Сол кезден бастап Энергетика министрлігі «QazagGaz» ҰК» АҚ-мен бірлесіп, бірден техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуге кіріскен болатын.

Айта кету керек, Қостанай облысында ауылдық елдімекендердің тек 28%-ы орталық газбен қамтамасыз етілген.

Қазақстандық QazaqGaz ресейлік Газпроммен бірлесіп «Ресей Федерациясы – Қазақстан Республикасы – ҚХР» халықаралық газ құбырын салу мәселелерін зерделеу үшін алдын ала ТЭН әзірлеу мәселесін пысықтаған.

Оның айтуынша, қазіргі таңда елдің солтүстік-шығыс өңірлерін газдандыру мүмкіндіктері қаралып жатыр.

«Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбырының қуатын ұлғайтқаннан кейін, «Сарыарқа» магистраль газ құбырының 2 және 3-кезеңдерін салу арқылы Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарын газдандыруды жүзеге асыру ұсынылады. Оның құны 188,5 млрд теңге болады», – деді Ақшолақов

Министрдің айтуынша, елді газдандыру газдандырудың 2015-2030 жылдарға арналған Бас схемасына сәйкес жүзеге асырылады. Сондай-ақ Ақшолақовтың айтуынша, 2023 жылы 76 жобаны іске асыруға 73,9 млрд теңге қарастырылған. Бұл 160 мың тұрғыны бар 55 елдімекенді газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 2023 жылдың соңында ел бойынша газбен жабдықтау 60% деңгейінде болады

Сондай-ақ оқыңыз