Қызыл теңізде хуситтер шабуылынан кейін Trafigura танкері өртенді

Жарияланды (жаңартылды )
Қызыл теңізде хуситтер шабуылынан кейін Trafigura танкері өртенді / shutterstock

Қызыл теңізде Йемен хуситтері шабуылынан кейін Trafigura танкері отқа оранып, оған әскери кемелер көмекке келді.

Bloomberg басылымының ақпаратына сүйенсек, кемеде жүк танкі өртеніп, әскери кемелер көмекке келген. 

Хуситтер бұған дейін Аден шығанағындағы Марлин Луанда мұнай танкеріне шабуыл жасағанын айтқан.

Қызыл теңіздегі хусит зымыраны әлемдегі ең ірі Trafigura шикізат трейдерінің танкеріне тиген. Кеме толықтай өртеніп кетті.

«Бортта жүк цистерналарының бірінде пайда болған өртті сөндіру және бақылау үшін өртке қарсы жабдық орналастырылған», — деді Trafigura өкілі. 

Компания кемемен байланыста, төтенше жағдай орнына көмек көрсету үшін әскери кемелер келеді.

Басылым ақпаратына сүйенсек, кеме Маршалл аралдары туын тағынған. Ол  Лаконикос шығанағынан (Грекия) Сингапурға қарай жол тартқан. Сингапурға 8 ақпанда жетуі керек болған.

АҚШ пен Ұлыбритания Йемендегі хусит әскери нысандарына шабуыл жасағаннан кейін, мұнай бағасы 2%-ға өскенін жазған едік. Осыған дейін Йемендегі хуситтер Иран көмегімен Қызыл теңіздегі кеме қатынасына бөгет болып шабуыл жасап келген.

12 қаңтарда АҚШ пен Ұлыбритания бірігіп, Йемен хуситтерінің әскери нысандарына соққы жасаған.

«АҚШ пен Ұлыбритания қозғалыстың Қызыл теңіздегі кемелерге шабуылына жауап ретінде Йемендегі хуситтердің әскери нысандарына әуеден және теңізден соққы берді»,  – делінген басылымда.

7 қарашада Антониу Гутерриш Газадағы жағдайды «адамгершілік қағидаларының дағдарысы» деп бағалап, қарулы қақтығыстың жалғасуы жазықсыз адамдардың өмірін жалмап жатқанын айтқан. БҰҰ хабарлауынша, Газа аймағында 10 000-ға жуық адам қайтыс болған.

Еске сала кетейік, 7 қазан күні Газа аумағында билік құрып келе жатқан «Хамас» ұйымы Израильге шабуыл жасады. Кейіннен Израиль әскерилері «Хамас» ұйымының шабуылына жауап ретінде арнайы операция бастады. 

Сондай-ақ оқыңыз