Денсаулық сақтау қызметіне бірқатар тиісті өзгерістер енгізіледі

Жарияланды (жаңартылды )
Денсаулық сақтау қызметінде бірқатар тиісті өзгерістер енгізіледі/ Фото:shutterstocks

Денсаулық сақтау министрлігі МӘМС жүйесіне жарна мен аударымдарды есептеу үшін ең төменгі жалақыны (ЕТЖ) 10-нан 50-ге дейін ұлғайтуды ұсынды. Егер заң жобасы қабылданса, бұл өзгерістер жұмысшылардың жалпы санының 9%-на әсер етуі мүмкін. Өкілдік денсаулық сақтау саласының қаржыландырылмауына байланысты төлемдердің бес есе өсуі қажет екенін түсіндірді.

Денсаулық сақтау министрлігі заң жобасын «Ашық НҚА» порталында 7 ақпанға дейін қоғамдық талқылауда болатынын хабарлады.

ДСМ 2025 жылдан бастап МӘМС жүйесіне аударымдар мен жарналарды есептеу үшін ең төменгі табысты -10-нан 50 ЕТЖ дейін арттыруды ұсынады.

Заң қабылданса, МӘМС-ке ең жоғарғы аударым жұмыс берушілер үшін 2024 жылы 25 500 теңгеден 127 500 теңгеге дейін өседі.

Ал жалдамалы қызметкерлер үшін жарна 17 000 теңгеден 85 000 теңгеге дейін өседі.

Заң жобасы қабылданса, ай сайынғы табысы 850 мың теңгеден асатын жалдамалы қызметкерлердің тек 9%- ына ғана бұл өзгерістер әсер етпек.

«МӘМС есептеуі бойынша мөлшерлемені көтеру барлығына әсер етпейді. Себебі азаматтардың көбі (91%) ең жоғары мөлшерлемені қолданатындай үлкен жалақы алмайды», – делінген хабарламада.

МӘМС үшін төлемдерді неге көбейту керек

Министрлік бұл заң жобасы денсаулық сақтау саласындағы өндірістің дұрыс қаржыландырылмауына байланысты ұсынылып отырғанын айтты. Ал бұл медициналық қызметтің ақсауы, медицина қызметкерлері біліктілігінің төмендеуі, дәрі-дәрмектердің жеткіліксіздігінен байқалады.

«Біздің елде жоғарғы және төменгі шекті енгізуге байланысты қаражаттың регрессивті бөлінуі көбірек. Табысы төмен адамдар қалталылардан артық төлемеуі керек. Бәрі әділ бөлу керек»,– деп түсіндірді министрлік.

2024 жылы МӘМС үшін қанша төлеу керек

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылы жұмыс берушілер қызметкерге жалақының 3%-ы мөлшерінде аударымдар жасайды. Салық салынатын ай сайынғы табыс 10 ЕТЖ (2024 жылы 850 мың теңге) аспауға тиіс. Яғни жұмыс берушінің аударымдарының ең жоғары ықтимал сомасы айына 25 500 теңгені құрайды. Бұл қаражат қызметкердің жалақысынан ұсталмайды, оларды жұмыс беруші кәсіпорын есебінен төлейді.

АҚС (Азаматтақ құқықтық сипаттағы) шарты негізінде қызмет көрсететін жалдамалы жұмыскерлер МӘМС-ке ай сайынғы табысының 2% жарна төлейді. Салық салу объектісі барлық жұмыс орындарынан айына 10 ЕТЖ аспауға тиіс. Яғни қызметкердің ең жоғары жарнасы 17 мың теңгені құрайды.

2024 жылы жұмыс берушілер мен бірнеше жерде жұмыс істейтін адамдар қанша жарна төлейтіні айтылған.

Сондай-ақ оқыңыз