IPO Air Astana: әуекомпания акцияларының бағасы қанша, қор нарығындағы саудасы қашан басталады?

Жарияланды
IPO Air Astana: қарапайым акцияның бағасы 2,75 доллар болады / shutterstock

Air Astana IPO-ға бағасы 2,13 доллардан 2,75 долларға дейінгі баға ауқымында қарапайым акциялар ұсынуды жоспарлап отыр. 

«Ұсыныстың болжамды баға ауқымы (IPO-да) бір ҒДҚ үшін 8,50 доллардан 11 долларға дейін және бір акция үшін 2,13 доллардан 2,75 долларға дейін белгіленді»,– делінген хабарламада.

Роуд-шоу 2024 жылдың 29 қаңтарында басталады деп күтілген. Өтінішті қабылдау 8 ақпанға дейін аяқталуға тиіс. Толықтай өтініш қабылданып, букбилдинг тізіліп болғаннан кейін, яғни 9 ақпанда нақты баға белгілі болатыны хабарланды.

Әуе компаниясы акцияларының сатылымы 14-15 ақпанда басталады.

Компанияның IPO-ға шығуына байланысты баспасөз брифингінде «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ өкілі Дастан Адиходжаев IPO-дан кейін қордың компаниядағы үлесі 41%-ға дейін кемитінін айтты.

Ал қазір компанияда британдық BAE Systems компаниясының 49% үлесі бар. Ол 15%-ға дейін опцион шығаруға дайын екенін хабарлады.

IPO нәтижесінде компанияға 300 млн доллар тарту жоспарланған. Оның ішінде компанияның өсу стратегиясын қолдау үшін шамамен 120 млн доллар көлемінде қаражат тартылады.

Ұсыныс нәтижесінде еркін айналымдағы компанияның бағалы қағаздарының саны Air Astana орналастырған жалпы акцияларының кемінде 25%-ын құрауға тиіс.

Осыған дейін 19 қаңтарда әуе компаниясы биыл IPO-ға шығатынын растағанын жазған едік. IPO барысында Air Astana әуе компаниясы акцияларының кем дегенде 25%-ы еркін айналымға шығады.

Компания «Стандарт» сегментіндегі FCA бағалы қағаздарының ресми тізіміне ҒДҚ енгізуге ниетті. Сондай-ақ, LSE негізгі алаңында ресми сауда-саттыққа жіберуді көздеп отыр. Акциялар мен ҒДҚ-ны AIX ресми тізіміне енгізіп, AIX-тегі сауда-саттыққа жіберуге өтінім беруге де ниетті. 

Сондай-ақ оқыңыз