Гонконг соты China Evergrande-ні 300 миллиард доллар қарызын жоюға міндеттеді

Жарияланды
Гонконг соты China Evergrande-ні 300 миллиард доллар қарызын жоюға міндеттеді / REUTERS/Aly Song

Гонконг сотының шешімі әлемдегі ірі құрылыс компанияларының бірі China Evergrande-ні жауып тынуы мүмкін.

Reuters ақпаратына сүйенсек, сот компанияның 300 млрд доллар қарызын өтеуге қатысты шешім шығарған. Шешімді Линда Чен есімді судья қабылдаған. Оның айтуынша, компания бірнеше айлық кідірістерге қарамастан, нақты қайта құрылымдау жоспарын ұсына алмаған. Сол себепті осы шешімді қабылдауға мәжбүрлеген. Осылайша қарызын өтей алмаған компания біржола жабылып қалуы мүмкін.

240 млрд доллар активі бар China Evergrande компаниясының жабылуы Қытайдағы жылжымайтын мүлік нарығына айтарлықтай өзгеріс алып келеді. Сарапшылар алдағы уақытта тұрғын үй бағасы күрт құбылуы мүмкін деп болжап отыр. Инвесторлар мен тұтынушылардың сенімін жоғалтқан жағдайда Қытай экономикасы тежеліп қалатынын да баса айтып жатыр.

Осыған дейін Сингапур биржасында темір рудасы 4,8%-ға арзандап, тоннасына 107,5 долларға түскенін жазған едік.  Goldman Sachs Group Inc осыған дейін Қытай экономикасының өсіміне жылжымайтын мүлік нарығының әлсіреуі көп жылдық кедергі болуы мүмкін екенін ескерткен.  Темір рудасының бағасы соңғы 9 сауда сессиясында қатар арзандады. Инвестициялық банк туындаған қиындықтар Қытайдың жылжымайтын мүлік нарығындағы қалыптастқан жағдай екенін атап көрсетті. Яғни қалалардың нашар дамуы мен жекелеген мердігерлерді қаржыландыру мәселесімен байланысты екенін мәлімдеді. Goldman Sachs банкінің болжамынша, нарық «L-сипатта», яғни айтарлықтай құлдыраудан кейін барып қана қалпына келеді.

3 жылда 50-ден астам қытайлық құрылыс компаниялар дефолтқа ұшыраған

Тамызда The New York Times ҚХР-дағы жылжымайтын мүлік саласының жай-күйіне талдау жариялады. Елдегі ірі компаниялардың бірі Country Garden қарыз төлемдерін төлеу уақытын кешіктіргендіктен, дефолт шегінде тұрғанын жазған. Компания I жартыжылдықтың қорытындысы бойынша $7,6 млрд шығын болады деп күтеді.

Мұның бәрі 3 жыл бұрын қытай билігінің құрылыс компанияларының қауіпті іскерлік мінез-құлқымен күресуінен басталды. Содан кейін көптеген құрылыс салушы кәсіпорындар алдыңғы несиелерді өтеу үшін қарыз алды. Мемлекеттік реттеу қатаңдатылғаннан кейін тұрғын үй құрылысының өсу қарқыны баяулады. Өйткені нарыққа арзан ақша түсуді тоқтатты.

Standard & Poor ‘ s компаниясы соңғы 30 жылда Қытай халқы қалаларға ағылғанын еске салады. Нәтижесінде жылжымайтын мүлік секторы экономиканың драйверіне айналды. Ол әлі күнге дейін елдің барлық экономикалық қызметінің төрттен бірінен астамын құрайды. Алайда қазір сұраныс төмендеп, жылжымайтын мүлік бағасы арзандады.

Standard & Poor ‘ s мәліметтері бойынша, соңғы үш жылда 50-ден астам қытайлық құрылыс компаниялар дефолтқа ұшырады. «Салу үшін қарыз алу «моделі бағаның өсуі жалғасқан кезде ғана жұмыс істейтіні белгілі болды. Басылым ҚХР билігінің әрекетсіздігін атап өтеді. Бірақ сонымен бірге Қытайдың Economic Daily газетінен осы мәселе бойынша дәйексөз келтіреді. Оонда соңғы саясаттың күшіне енуі үшін уақыт қажет. «Тәуекелді азайту процесін бір түнде аяқтау мүмкін емес, нарыққа белгілі бір уақыт керек, шыдам қажет» екені айтылған.

Сондай-ақ оқыңыз