1 шақырымы – 0,8 млн доллар: 2023 жылы республикалық маңызы бар жаңа жолдардың ұзындығы үш есе артқан

Жарияланды
маңызы бар жолдар
Жаңа жолдарға кеткен қаражат 136,7 млрд теңгені құраған / Фото: kursiv.media

Республикалық маңызы бар жаңа жолдардың ұзындығы үш есе артқан. Бұл жайлы Бірінші кредиттік бюро жазды.

Бюро жаңа жолдарға кеткен қаражат шығынын да есептеген. Солайша республикалық маңызы бар жолдардың орташа құны 1 км үшін 0,8 млн долларды құрайды екен.

Ұлттық статистика мәліметтерінде, өткен жылы 358,5 км жол пайдалануға берілгені жазылған. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 221%-ға көп екен. Ал 2021 жылмен салыстырғанда 90% артық. Бірақ бұл айтарлықтай үлкен көрсеткіш емес. Себебі, 3-4 жыл бұрын пайдалануға берілген жолдар бұл көрсеткіштен екі есе артық болған. Мәселен, 2020 жылы 710 км, 2018 жылы 716 км жол пайдалануға берілген.

Республикалық маңызы бар жаңа жолдардың құрылысан 2023 жылы 136,7 млрд теңге жұмсалған.

«Осылайша, 1 км шығыны орташа есеппен 381,2 млн теңгені немесе орташа жылдық мөлшерлеме бойынша 835,5 мың долларды құрады. Бұл сомада барлық шығын ескерілген – дизайн мен жабдықтан бастап, жол құрылысы жұмысына кеткен қаражат та бар», – делінген бюро хабаламасында.

Айтпақшы, доллардың ағымдағы құны алдыңғы бес жылдағы орташа мәннен біршама төмен екен. Ол кездері бұл көрсеткіш 874 мың долларды құраған. 2022 жылы сол кездегі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 1 км жолдың құны доллармен есептегенде төмендеп бара жатқанын мәлімдеген. Мысалы, 2014 жылға дейін жүзеге асырылған Астана-Щучинск жобасында бір шақырып үшін 5 миллион доллар қаражат кеткен.

Еске сала кетсек, елімізде жол-құрылыс материалдары мен жаңа технологиялардың бірыңғай базасы құрылған болатын. Оған сәйкес автожолдарды орташа  және күрделі жөндеу, олардың құрылысы мен реконструкциялау кезінде, сондай-ақ жобалау сметалық құжаттама әзірлеу барысында құрылыс материалдары мен технологияларды аталған бірыңғай базада ұсынылған карьерлердің, битум және асфальт зауыттарының материалдарын ескеріп, пайдалануы қажет. 

Ал 4 желтоқсанда Көлік министрі жол жасау жобаларына қатысты қолдан қымбатшылық жасауға жол берілмейтінін айтты.

«Кейбір компаниялар алғашқы жылдары жұмысты әдейі кешіктіріп, үшінші, төртінші жылы жобаны қымбаттату мәселесін алға тартады. Осындай тәжірибеге тап болып отырмыз. Бұл ретте «ең басында келесілген сомадан артық ештеңе берілмейді» деп бірден айтамын. Бұрын-соңды басқа учаскелерде, атап айтқанда «Қарағанды – Балқаш» және «Талдықорған – Өскемен» учаскелерінде жұмыс істеген әріптестеріңіздің тәжірибесіне қараңыздар. Бұл баршаға сабақ болды, енді қайталанбайды. Бұдан былай жол жобаларына қатысты қолдан қымбатшылық жасауларыңызға жол берілмейді. Қолыңыздан келмесе, келісімшартты бұзып, жұмысты сол жерден тоқтатыңыз. Бұл барлық мердігер мен жол жобаларына қатысты мәселе», – деді Марат Қарабаев.

Көлік министрі заңнамаға өзгеріс енгізуге бастамашы болғанын алға тартқан теріс тәжірибесі бар компаниялар Қазақстанның жолға қатысты жобаларына қатыса алмайтын мәлімдеді.

Сонымен бірге Қарабаев Қазақстанда жаңа жол салу кезінде жермен қамтамасыз ету мәселесі ұзақ уақыт созылатынын, әкімдіктер жерді резервке қойып, жеке меншікке сатудан бас тарту керектігін айтқан болатын.  

Сондай-ақ оқыңыз