Запастағы 750 офицер екі жылға әскери қызметке шақыртылады

Жарияланды
запастағы офицер
600 запастағы офицер Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне шақыртылады / Фото: kursiv.media

752 запастағы офицер 24 айға әскери қызметке шақырылады. Осыған сәйкес премьер-министр Әлихан Смайыловтың қаулысы жарияланды.

«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан
Республикасы Заңының 32-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне – 600, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне – 80, ҚР Ішкі істер министрлігі Ұлттық Ұланға – 42, ҚР Төтенше жағдайлар қызметіне – 30 офицер шақыртылған.

«Осы қаулыға қосымшаға сәйкес санда офицерлер құрамының
лауазымдарында әскери қызмет өткеру үшін әскери қызметке жарамды және оны
өткермеген запастағы офицерлер заңнамада белгіленген тәртіппен 2024 жылы
жиырма төрт ай мерзімге әскери қызметке шақырылсын», –
делінген құжатта.

Бұл қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн
өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Еске сала кетсек, Қорғаныс министрлігінің бұл қаулысы ашық талқылауға 2023 жылдың қарашасында шығарылды. Онда жобаны іске асыру қосымша бюджет шығынын талап етпейтіні және тиісті жылдарға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі, Төтенше жағдайлар министрлігі, Ұлттық ұланы үшін көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылатыны айтылған болатын. 

Ал 2023 жылға жоспарланған әскери қызметке шақырылатын запастағы офицерлер саны 354 адмнан 635 адамға, яғни 2 есеге ұлғайды

Сонымен бірге осы жылы Парламенттің қос палатасы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Біріккен Ұлттар Ұйымының миссияларына қатысу үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бітімгершілік контингентін жіберу туралы ұсынысын мақұлдады.

Оған сәйкес Қазақстанның бітімгершілік контингенті Голан үстіртіне жіберіледі. Әскери құрам БҰҰ-ның миссиясын орындауға осы жылдың наурыз айында кетеді. Қазақстанның әскери ротасы ол жерде 1 жыл қызмет етіп келеді. Бұл – Қазақстанның Голан үстіртінде жүргізетін алғашқы дербес бітімгершілік миссиясы. Оның әскери құрамына 139 қызметкер кіреді. Рота құрамына мерзімді әскери қызметкерлер кірмейді. Тек кәсіби әскерилер мен келісімшартпен жұмыс істейтін әскери қызметкерлер, офицерлер барады.

Сондай-ақ оқыңыз