ҰҚК шетелдің арнаулы қызметтерімен бірге өзге мемлекеттердің аумағында үш лаңкестік акцияның алдын алды

Жарияланды
Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын қабылдады/Фото: alau.kz

Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады. Бұл туралы Ақорда кз хабарлады.

Ермек Сағымбаевтың айтуынша, былтыр Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері елімізде ұйымдастырылмақ болған екі террорлық әрекеттің және шетелдің арнаулы қызметтерімен бірге өзге мемлекеттердің аумағында үш лаңкестік акцияның алдын алған.

Сондай-ақ 2023 жылы лаңкестік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін 43 адам сотталған.

«Жыл бойы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің үйлестіруімен терроризмге қарсы 208 командалық-штабтық және 196 жедел-тактикалық оқу-жаттығу жиыны өтті», – деді Ермек Сағымбаев.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жиі кездесетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстарының нәтижесі жөнінде айтты.

«Қабылданған шаралар нәтижесінде жалпы 1,5 триллион теңгеден астам қаржы түскен. Соның ішінде мемлекеттік бюджетке қайтару бастамасы аясында 680 миллиард теңгеден аса қаржы қайтарылды», – деді ол.

Айта кетейік, Қазақстанда ҰҚК-ке жаңа өкілеттіктер беріледі. Бұған қатысты құжаттың жобасы жарияланды.

Мемлекет басшысы қаулысымен 2023 жылғы 23 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ҚР арнаулы мемлекеттік органдарында қызмет көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңымен жоғарыда аталған жарлығын іске асыру үшін ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметінде бірқатар тиісті өзгерістер енгізілді.

Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының ҰҚК туралы ережеде:

«Ақпараттық жүйелерді және электрондық ақпараттық ресурстарды, арнайы техникалық құралдарды, байланыс жүйелерін, арнайы мақсаттағы телекоммуникациялар желілерін, деректерді беру жүйелерін, ақпараттың техникалық арналар арқылы таралып кетуінен қорғау құралдарын, оларды бағдарламалық қамтылымын, қару-жарақ пен жарақтарды әзірлеу, сатып алу, құру (криптографиялық қорғау құралдарын қоспағанда), іске қосу және пайдалану, шифрлау және шифрды ашу жұмыстарын ұйымдастыру өкілеттілігіне ие болды»,– делінген Ашық НҚА порталында.

Сонымен қатар, ҰҚК қызметкерлері:

Шет мемлекеттердің арнаулы қызметтерімен және ұйымдарымен шарттар, келісімшарттар жасау;

Мемлекеттік құпия мәліметтерді қамтитын ақпараттық ресурстарды тіркеу, сақтау, өңдеу, жою, пайдалану, беру, қорғау;

Қорғалған ақпараттық жүйелерді құру, пайдалану, дамытуды, қолдап отыруды, интеграциялауды, пайдалануды тоқтатуды, қорғауды жүргізу;

Құпия құжаттарды және өзге де деректерді қорғалып орындалған ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып жинау. Сонымен қатар өңдеуді, сақтауды, беруді, іздеуді, таратуды, пайдалануды, қорғауды, тіркеуді, растауды және жоюды жүзеге асыру;

ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлеріне ің арнаулы тексеру жүргізеді.

Сондай-ақ ведомствоның жаңа міндеттері болады:

«Мемлекеттiк қызметке алғаш рет немесе мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейiн оған қайта кіретін, сондай-ақ судья, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшісі, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның қызметшісі, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның авиациялық қауіпсіздік саласында бақылау мен қадағалау функцияларын жүзеге асыратын авиация инспекторы лауазымына орналасуға үміткер Қазақстан Республикасының азаматтарына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда, шекте және тәртіппен міндетті арнайы тексеру жүргізу»,– делінген хабарламада.

🔻 🔻
Сондай-ақ оқыңыз