Сейсенбі күні АҚШ қор нарығы аралас көрсеткіш байқатқан. Dow Jones Industrial Average 0,35%-ға көтеріліп, жаңа рекорд орнатса, ал S&P 500 бен Nasdaq Composite сәйкесінше 0,06% және 0,76%-ға төмендеді. Бұл туралы KASE сарапшыларының қор нарығына шолуында жазылған.
S&P индесіндегі 11 сектордың алтауы жоғары жабылған. Қаржы, мұнай-газ және тұтыну секторларының көрсеткіштері нарықтан асып түсті. Ал жылжымайтын мүлік, технология және байланыс қызметтері индекстің өсуін шектеді.
JOLTS есебіне сәйкес, бос жұмыс орындары күтпеген жерден 9 миллионға дейін өскен. Бұл ФРЖ базалық мөлшерлемені 25 б/п төмендетеді деген болжамның орындалуына кері әсер етуі ықтимал.
UPS акциялары 8,2%-ға төмендеген. Себебі компанияның кірісі болжамды деңгейіне жетпеді. Whirlpool акциялары да сатылым болжамының нашарлауы жағдайында 6,6% төмендеді. General Motors акциялары күшті табыс көрсетіп, 7,8%-ға көтерілді. Alphabet акциялары жарнамадан түскен табыстың аздығы салдарынан 5,5%-ға төмендеді.
Қаржы көрсеткішінің нарашылығына қарамастан, Starbucks акциялары өсті. Ең ірі кофе желісінің соңғы тоқсандағы қаржы есебіндегі көрсеткіштері нарық болжамына жете алмай қалған. Bloomberg басылымының жазуынша, компанияның тоқсан сайынғы сатылымы мен кірісі Уолл-стрит болжамынан төмен болғанымен, компания акциялары өскен.
Еуропа қор нарықтары сейсенбіде бұған дейінгі табысын сақтап қалды. Stoxx 600 индексі екі жылдағы ең жоғары деңгейге жетсе, ал DAX 40 0,2% қосты. Соңғы деректер Еуроаймақ экономикасының 2023 жылдың соңында тоқырауға ұшырағанын байқатты. Алайда Германиядағы құлдырау Испания мен Италиядағы өсім қарқынымен өтелді.
Жапондық 225 индексі сәрсенбіде 35,916-дан 0,4%-ға төмендеп, екі күндік өсімге қол жеткізді. Жапондық технологиялық қорлар АҚШ-тағы әріптестерінен артта қалды: Advantest (-3,2%), Keyence (-2,4%) және Disco Corp (-2,1%) жоғалтты.
Сәрсенбіде Shanghai Composite индексі 0,4%-ға төмендеп, 2820-ға жетті. Қытайдың өндірістік белсенділігі туралы әлсіз дерек инвесторлардың көңіл-күйіне кері әсер етті. Нарық жылжымайтын мүлік секторындағы түйткілдер мен Қытай өнеркәсібіне салынған санкцияларға байланысты қысым астында қалып отыр.
КASE индексі кеше төртінші сессия қатарынан құлдырады. Сессияның ең төменгі деңгейі 4223 ұпайды құраған. Бұл 50 күндік жылжымалы орташа көрсеткіштен 5 ұпай ғана жоғары.