Жаңалықтар

Қазақстанға көшіп келген Polymetal IV тоқсанда өндірісті 15% қысқартқан

Қазақстанға көшіп келген Polymetal IV тоқсанда өндірісті 15% қысқартқан / shutterstock

Polymetal 2023 жылдың IV тоқсанында өндірісті 2022 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 15%,  яғни 441 мың унция алтын баламасына дейін төмендетті.

Кіріс 16%, яғни 0,9 млрд долларға төмендеді. Өндіріс пен кірістің төмендеуі көбінесе 2022 жылдың IV тоқсанының жоғары базасымен түсіндіріледі. Бұл кезеңде Дукат пен Нежданинскийде сақталған өнімдер сатылымға шыққан.

Жылдық өндіріс 2022 жылмен салыстырғанда қатты өзгерген жоқ, алтын баламасында 1,714 миллион унцияны құрады. 2023 жылғы кіріс алтын мен күміс бағасының өсуіне байланысты 8%, яғни 3 3 млрд унцияға дейін өсті.

Компанияның бір жылдағы таза қарызы айтарлықтай өзгерген жоқ. 2023 жылдың аяғында 2,38 млрд долларды құрады.

Қазақстан кәсіпорындарында 2023 жылы 475 мың унция алтын баламасы алынған. Алдағы уақытта күрделі шығындарға шамамен 200 миллион АҚШ доллары жұмсалмақ. Оның ішінде Ертіс ТМК-ні дамытуға 60 миллион АҚШ доллары бөлінеді.

Polymetal International Қазақстанға қашан көшті?

2023 жылдың мамырында «Полиметалл» Джерси аралдарынан кетіп, «Астана» ХҚО-ға тіркелуге ниетті екенін хабарлаған. Polymetal акционерлерінің 92%-ы Джерсиден АХҚО-ға көшуге дауыс берген.

«Полиметалл» директорлар кеңесі мен Комитет Ресейдегі «Полиметалл», оның еншілес компанияларына меншік құқығын тоқтатудың барлық ықтимал нұсқасы туралы маусым айының соңына дейін есеп беруге уәде берді.

Ал тамыз айында компания Қазақстанға толығымен көшкенін жариялады. Компания АХҚО биржасына шығару үшін өз акцияларын бағасын белгіледі. 

Редомициляция кезінде «Polymetal» Лондон қор биржасынан делистинг жасаған. 

Жалпы, Лондон биржасында «Polymetal» акцияларының саудасы тамыз басында тоқтаған. Редомициляция нәтижелері бойынша компания акциялары Crest шеңберіндегі электрондық есептеулермен үйлесімді болмаған. Бұл LSE листингінің талаптарына сәйкес келмей қалады. 

Polymetal – Ресейдегі ең ірі күміс өндіруші және де алтын өндірушілердің бірі. Холдинг кәсіпорындары Ресейдің Магадан және Свердловск облысында, Хабаровск, Саха, Чукотка және де Қазақстанда орналасқан.  Ең ірі акционер Александр Несис және оның серіктестері.

Polymetal  алдағы 2 жылда AIX биржасындағы өз акцияларының өтімділік деңгейін Лондон қор биржасында болған көрсеткіштерге дейін арттыру жоспары бар екенін жариялады. 

Қараша айында компания Ресейдің Ұлттық есеп айырысу депозитарийі және ресейлік басқа депозитарийлерге салынған санкция салдарынан бұғатталған акцияларын айырбастауға ниетті екенін мәлімдеді. Бұғатталған акциялар «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) биржасында шығарылған бағалы қағаздарға айырбасталады.

Polymetal International plc. бастапқы листингінің AIX биржасына ауыстырылуы мен АХҚО-ға редомициляциясы AIX биржасындағы сауда-саттық көлемін арттырды.

Polymetal International plc. акцияларының бастапқы листингін Лондон қор биржасынан AIX-ке ауыстырған. АХҚО-ның арнайы құқықтық юрисдикциясында тіркелген алғашқы эмитент болды. Қазіргі уақытта нарықтық құны $2 млрд болатын Polymetal  – АХҚО-да тіркелген ең ірі компания. Сонымен қатар AIX-те саудаланатын ең ірі тау-кен компаниясы.

Редомициляция процесі кезінде Polymetal-дың Ұлыбритания, АҚШ, Еуропа және басқа да юрисдикциялардағы 4000-нан астам акционері POLY акцияларын AIX CSD мен AIX Регистраторына  аударды.

Қазақстан миноритар акционерлерінің қауымдастығы 26 қаңтарда компания акцияларының AIX-тегі сауда-саттығы $1 116 909 құрағанына назар аударды.