Алматыдағы Сайран көлін 2024 жылдың соңына дейін қайта жаңарту жоспарлануда. Бұл туралы Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесуде қала әкімі Ерболат Досаев айтты.
«Өткен жылы күзден бастап мердігерді таңдауға байланысты конкурстар өткізілді. Бір конкурс тоқтатылды, екінші конкурстан кейін желтоқсанда біз (келісім-шарт – ред.) жасай алдық. Уәде етілгендей, жоба дайын, біз тек мемлекеттік сатып алу бойынша серіктесіміздің жұмыс сапасына сенеміз. Жыл соңына қарай Сайранның жаңа бейнесін көреміз»,– деді әкім.
Айта кетейік, Сайран төңірегінде арнайы жабдықталған жағажай аймақтары ашылады деген жоспар бар. Сондай-ақ спорт пен белсенді ойындарға арналған аймақтар ашылмақ.
Шығыс және Батыс жағалауларды өткелмен байланыстыру жоспарланып отыр. Қала тұрғындарына саябақ аймағынан шығып, басқа жағалауға өту үшін жол бойындағы тар, шулы тротуарға шығудың қажеті болмайды.
2023 жылдың ақпанынан мамырына дейін Сайранның түбі лай, қоқыс және қамыстан тазартылды. Көлдің айналасын абаттандыру жұмыстары тамыз айында басталып, 2024 жылдың III тоқсанында аяқталады деп жоспарланған болатын. Алайда 2023 жылдың қараша айында Алмалы ауданының әкімі Айдар Жақыбаев прокуратура құрылыс жұмыстарын жүргізуге арналған бірінші конкурстың қорытындыларын жоюды талап еткендіктен, мерзімнің ауысқанын хабарлады. Қадағалау органы байқауда жеңіске жеткен Түркістан облысының компаниясы бұрын мұндай ауқымды жобаларды жүзеге асырмағанын атап өткен. Әкімдік қайта конкурс жариялады.
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев өзінің қалаға әкім болғанына 2 жылдан кейін өз жұмысына қандай баға беретінін айтты. Алмалы ауданы тұрғындарымен өткен кездесуде әкімге «Екі жыл ішіндегі қандай жұмысыңызбен мақтанасыз» деген сұрақ қойылды.
Бұған қоса, ол өзінің сұрақтарға жауап беруге дайын екенін айтты. Сонымен қатар өз әкімшілігінің халық үніне құлақ асады деген үміті барын атап өтті.
«Егер сұрақтар болса, біз керең емеспіз деп үміттенемін. Халық үніне құлақ асамыз. Әрдайым сіздермен бірге алға жылжып, мәселелерді шешуге тырысамыз. Біз тірі адамдармыз. Біз идеал емеспіз. Мен де мінсіз әкім емеспін. Екі жылда әртүрлі кезең болды. Уақыт болғанда айтып беремін», – деді әкім.