Апелляциялық сотта Владимир және Наргиз Северныйларға шыққан үкім өзгеріссіз қалды

Жарияланды
Апелляциялық сотта Владимир және Наргиз Северныйларға шыққан үкім өзгеріссіз қалды/ shutterstock

Алматы сотының апелляциялық алқасы ерлі-зайыпты журналист Владимир және Наргиз Северныйларға шыққан үкімді өзгеріссіз қалдырды. Ақпаратты Алматы сотының баспасөз қызметі растады.

2023 жылдың желтоқсанында Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Владимир мен Наргиз Северныйды 7 және 8 жылға бас бостандығынан айырды.

Владимир Северный ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылды. Ол 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын орташа режимдегі колонияда өтейтін болды.

Владимир Северный ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабының 2-бөлігінің 2-тармағы бойынша ақталды.

Наргиз Северная Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 194-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылды. Ол 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын орташа режимдегі колонияда өтейтін болды. Оның жаза мерзімі 5 жылға кейінге шегерілді.

Северныйлар сотта өздеріне тағылған айыпты мойындамады.

Белгілі болғандай, сотталғандардың бірі Владимир Северный бопсалау мақсатында «Берекет Ф» ЖШС басшысы Фаталиевті қаралайтын мақалалар сериясын жариялаған. Сәуір айында Алматыдағы мейрамханалардың бірінде Владимир мен Наргиз Северный Фаталиевтен «Берекет Ф» ЖШС-ға қатысты жағымсыз материалдарды жариялауды тоқтату үшін 15 млн теңге талап еткен. Олар Фаталиевтен 5 млн теңге бопсалап тұрған сәтте ұсталған.

2019 жылғы маусымда Наргиз Северная әлеуметтік желіге Алматыдағы кофеханалардың бірі туралы жағымсыз материал жазған. Ол мақаланы газетке жарияламау үшін кофехана басшысы Дмитрий Дремасовтан 500 мың теңге талап еткен. Біршама уақыттан кейін бопсалаушы жәбірленушіден 200 мың теңге алған.

Журналситер алғаш ұсталғанда бұрынғы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі журналист Владимир Северный мен Наргиз Севернаяның ұсталуы олардың кәсіби қызметімен байланысты емес екенін айтқан

Сондай-ақ оқыңыз