Нарық қатысушыларының болжамына қарамастан Shell компаниясының кірісі артты

Жарияланды (жаңартылды )
Нарық қатысушыларының болжамына қарамастан Shell компаниясының кірісі артты/Фото:shutterstocks

Британдық-Нидерландтық Shell мұнай-газ компаниясы 2023 жылдың төртінші тоқсанында түзетілген кірісті алдыңғы тоқсанға қарағанда 17%-ға арттырды. Бұл туралы компанияның 2023 жылғы төртінші тоқсандағы нәтижелері туралы қорытынды есебінде жазылған.

Алайда нарық қатысушылары көрсеткіштердің төмендеуін болжаған болатын.

Компания есебінше, қазан-желтоқсан айларында бір реттік факторларды есептемегенде пайда 7,31 млрд долларды құрады, ал алдыңғы тоқсанда көрсеткіш 6,22 млрд доллар болатын. Vara Research сауалнамасына қатысқан сарапшылардың консенсус болжамында көрсеткіш 6,04 млрд доллардан аспаған.

Ал түзетілген EBITDA өзгерген жоқ және 16,34 млрд доллар деңгейінде қалыптасты.

Мұнай-газ алыбының есебінше, қазан-желтоқсан айларындағы таза пайда 474 млн долларды құрады. Үшінші тоқсанда 7,04 миллиард доллар болған.

2022 жылдың төртінші тоқсанында Shell 1 10,41 млрд доллар таза пайда тапты, 9 9,81 млрд доллар түзетілген пайда және EBITDA деңгейі 20,6 млрд доллар деңгейінде еді.

Компанияның кірісі 2023 жылдың төртінші тоқсанында 78,73 млрд  долларды құрады, үшінші тоқсандағы көрсеткіш 76,35 млрд доллар болды. Айта кететіні, өткен жылдың төртінші тоқсанындағы кіріс көлемі 101,3 млрд долларға жетті.

Өткен тоқсанда көмірсутектерді өндіру көлемі тоқсандық мәнде 4%-ға-тәулігіне 2,83 млн баррельге дейін ұлғайды.

Shell сонымен қатар алдағы үш айда акцияларды 3,5 млрд долларға дейін сатып алатынын және тоқсандық дивидендтерді 4%-ға, яғни бір акция үшін 34,4 центке дейін арттыратынын хабарлады.

Еске сала кетсек, Қазақстанда Shell мұнай мен газды барлау мен өндіруді, көмірсутектерді тасымалдауды және мұнай өнімдерін өткізуді қоса алғанда, әртүрлі бизнес сегменттерінде жұмыс істейді.

Компания NCOC консорциумының акционерлері қатарына кіреді. Оның ішінде: KMG Kashagan B. V. (16,877%), Shell Kazakhstan Development B. V. (16,807%). Сонымен қатар Total EP Kazakhstan (16,807%), AgipCaspian Sea B. V. (16,807%), ExxonMobil Kazakhstan Inc. (16,807%), CNPC Kazakhstan B. V. (8,333%) және Inpex NorthCaspian Sea Ltd. (7,563%) бар.

Сондай-ақ оқыңыз