Freedom Holding Corp. Арал теңізін құтқаруға жәрдемдеседі

Жарияланды
Freedom Holding Corp. Арал теңізін құтқаруға жәрдемдеседі / shutterstock

Freedom Holding Corp. бас директоры Тимур Турлов пен Қазақстандағы Халықаралық Аралды құтқару қоры директорының міндетін атқарушы Зауреш Әлімбетова Арал теңізінің экожүйесін қалпына келтіру мақсатында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. «Курсив» тілшісі Digital Almaty 2024 форумы барысында ресми жүзеге асқан келісімнің куәгері болып қайтты.

«Бұл – біздің жүрегімізде ғана емес, жеке құндылықтарымыздан, компаниямыздың, еліміздің мәдениетінен көрініс табатын жоба. Жобаға өз клиенттерімізді, серіктестерімізді тартқымыз келеді. Бүгін Mastercard-пен бірігіп, ерекше картаны іске қостық. Оның ерекше шарттары бар. Яғни оны барлық операцияда қолдану кезінде 10% кэшбеу алуға болады. Бұл картадан түскен пайда Аралды құтқаруға жәрдемдеседі. Көптеген адамдардың осы экологиялық жобаға қатысуына мүмкіндік беретін тамаша қадам. Біз біргеміз, біздің жеңіске жететінімізге сенімдімін!», – деді Турлов.

Әлімбетованың айтуынша, бұл – оның тәжірибесіндегі ерекше оқиғалардың бірі. Себебі осыған дейін Аралды қалпына келтіруге инвестиция салуға дайын қаржы институтымен келісімге отырып көрмеген. Ол бұл жоба қордың тарихындағы ерекше оқиға ғана емес, Арал өңірінде тұратын тұрғындардың өмірінде де ерекше оқиға боларына сенімді.

2023 жылы Freedom Finance және Аралды құтқару қоры «Арал теңізінің құрғаған бетіндегі экожүйелерді қалпына келтіру» жобасына қаржылық көмек туралы шартқа қол қойған. Ынтымақтастық аясында Қызылорда облысы Арал ауданы Қаратерен кентінен батысқа қарай 50 км жерде 500 гектарға орман отырғызуды жүзеге асыруға бағытталған.

Freedom Holding Corp. компаниясының бас директоры Тимур Турлов бүгінгі меморандум осының алдындағы жобалардың жалғасы екенін атап өтті. 

“Бүгін ХАҚҚ-пен серіктестігімізді жалғастыру және қара сексеуіл, сондай-ақ Арал теңізінің құрғап кеткен түбінің қосымша гектар жерінде басқа да тұрақты өсімдіктерді отырғызуға көмектесу үшін ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойдық. Мұндай «көк» оазистерді құру Аралдағы экологиялық апаттың жағымсыз салдарын азайтып қана қоймай, сондай-ақ жергілікті халықтың денсаулығына оң әсер етеді. Freedom Holding Corp бизнесті жүргізуге жауапкершілікпен қарауға бағытталған және соңғы бірнеше жылда елеулі ESG-трансформациядан өтті. Біз БҰҰ-ның жаһандық шартының жақтаушылары ретінде корпоративтік басқарудың ішкі тәжірибелерін дамытуды жалғастырамыз және әлеуметтік және экологиялық мәселелерге көп көңіл бөлеміз», – деді Турлов.

Қазақстанда егін өндірісі басталмай тұрып, Арал теңізі Каспий секілді үлкен көл болатын. 1960 жылдардан бастап Арал Каспий теңізінен, Солтүстік Америкадағы Жоғарғы көлден және Африкадағы Виктория көлінен кейінгі төртінші үлкен көп болып саналған. Алайда Кеңес дәуірі кезінде егістік алқаптарын суару үшін суды үнемсіз пайдалану әсерінен Арал теңізі тартыла бастады. 

2014 жылы Аралдың шығыс бөлігі толығымен буланып, тартылып кетті. Арал аймағының флорасына, фаунасына, ландшафтына және климатына теріс әсер етті. 100 шақырым кеңістік шөл далаға айналды. Жануарлардың 173 түрінің тек 38-і ғана сақталған. 

Аралға көмек көрсету шараларын USAID пен World Bank бастаған. ХАҚҚ-тың және Freedom Holding Corp. бірлескен жобасы құрғап кеткен теңіз түбіне қара сексеуіл мен төзімді өсімдіктердің басқа түрлерін отырғызуға бағытталған.

Компанияның хабарлауынша, Аралдың экожүйесін қалпына келтіру жобасы компанияның БҰҰ Жаһандық шартына қол қоюшы ретінде енгізілетін ESG-қағидаттары мен қабылданған міндеттемелерді іске асыру жобасы болмақ.

Freedom Holding Corp. бұл – Freedom еншілес компаниялары арқылы қаржылық қызметті, бөлшек брокерлік операцияларды, инвестициялық консультация беруді, бағалы қағаздармен сауда жасауды, инвестициялық-банктік және андеррайтингтік қызметтерді жүзеге асыратын холдинг. Бүгінгі күні холдингтің қарапайым акциялары Nasdaq Capital Market, KASE биржаларында саудаланады.

Сондай-ақ оқыңыз