АҚШ қаржы нарығындағы қорлардың активтері алғаш рет 6 трлн доллардан асты

Жарияланды (жаңартылды )
АҚШ қаржы нарығындағы қорлардың активтері алғаш рет 6 трлн доллардан асты/Фото:shutterstocks

АҚШ қаржы нарығындағы қорлардың активтері алғаш рет 6 триллион доллардан асты, деп хабарлады Bloomberg агенттігі.

Құрама штаттар нарығындағы қорлар қысқа мерзімді міндеттемелерге, ең алдымен мемлекеттік бағалы қағаздарға инвестиция салады. Бұл қаражаттың 60%-ға жуығы институционалдық инвесторларға, қалғаны бөлшек инвесторларға тиесілі.

«2023 жылы Америкадағы қаржы нарығындағы қорларға 1 триллион доллардан астам қаражат тартылды», – деп жазды басылым.

Bloomberg, олардың танымалдылығы Америка Құрама Штаттарының Федералдық резервтік жүйесінің (ФРЖ) қатаң ақша-несие саясатына байланысты борыштық құралдардың әдеттен тыс жоғары кірістілігімен байланыстырады.

Апта ішіндегі өзгеріс

Еске сала кетсек, 2024 жылғы 31 қаңтарда Америка Құрама Штаттарының Орталық банкі пайыздық мөлшерлемелерді өзгеріссіз қалдырды және олардың төмендеу мерзімі туралы нақты ақпарат бермеді. Реттеуші былтырғы қарашада да базалық мөлшерлемені 5,5% деңгейде қалдырды.

Айта кетейік, ФРЖ басшысы Джером Пауэллдің «Орталық банк наурыз айында ақша-несие саясатын жеңілдетуі екіталай» деген мәлімдесі АҚШ нарығының құлдырауына әкеп соқты. Нарықтағы акциялардың бағасы соңғы айлардағы ең төменгі көрсеткішін байқатты.

Сәрсенбі күні S&P 500 индексі 1,6%-ға төмендеді, Financial Time басылымы бұл қыркүйек айының соңынан бергі ең үлкен бір күндік құлдырау деп жазады.

Ал технологиялық Nasdaq Composite 2,2%-ға төмендеген. Бұл – қазан айының соңынан бергі ең нашар көрсеткіш. Қаңтар айында S&P 500 индексінің рекорд орнатуына ықпал еткен «Үлкен жетілік» акциялары да арзандаған.

Федералды резерв жүйесі кеше өзінің пайыздық мөлшерлемесін 5,25%-5,50% диапазонында сақтап қалды.

Сейсенбі күні Америка қор нарығы аралас көрсеткіш байқатқан. JOLTS есебіне сәйкес, бос жұмыс орындары күтпеген жерден 9 миллионға дейін өскен. Бұл ФРЖ базалық мөлшерлемені 25 б/п төмендетеді деген болжамның орындалуына кері әсер етуі ықтимал.

S&P индесіндегі 11 сектордың алтауы жоғары жабылған. Қаржы, мұнай-газ және тұтыну секторларының көрсеткіштері нарықтан асып түсті. Ал жылжымайтын мүлік, технология және байланыс қызметтері индекстің өсуін шектеді.

JOLTS есебіне сәйкес, бос жұмыс орындары күтпеген жерден 9 миллионға дейін өскен. Бұл ФРЖ базалық мөлшерлемені 25 б/п төмендетеді деген болжамның орындалуына кері әсер етуі ықтимал.

UPS акциялары 8,2%-ға төмендеген. Себебі компанияның кірісі болжамды деңгейіне жетпеді. Whirlpool акциялары да сатылым болжамының нашарлауы жағдайында 6,6% төмендеді. General Motors акциялары күшті табыс көрсетіп, 7,8%-ға көтерілді. Alphabet акциялары жарнамадан түскен табыстың аздығы салдарынан 5,5%-ға төмендеді.

Қаржы көрсеткішінің нарашылығына қарамастан, Starbucks акциялары өсті. Ең ірі кофе желісінің соңғы тоқсандағы қаржы есебіндегі көрсеткіштері нарық болжамына жете алмай қалған. Bloomberg басылымының жазуынша, компанияның тоқсан сайынғы сатылымы мен кірісі Уолл-стрит болжамынан төмен болғанымен, компания акциялары өскен.

Сондай-ақ оқыңыз