Жаңалықтар

Дүниежүзілік азық-түлік бағасы қаңтарда 1%-ға төмендеді – ФАО

Дүниежүзілік азық-түлік бағасы қаңтарда 1%-ға төмендеді – ФАО/ Фото:shutterstocks

Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы – ФАО ай сайынғы есебін жариялады. Оған сәйкес, қаңтарда әлемдегі азық-түлік бағасы 2023 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 1%-ға төмендеді.

Бұл ретте құжатта желтоқсан айындағы баға индексі қайта қаралғаны атап өтілген.

Астық бағасының индексі қаңтарда желтоқсанмен салыстырғанда 2,2%-ға төмендеді. Бидай бағасының төмендеуі экспорттаушылар арасындағы бәсекелестікке, сондай-ақ астықтың Оңтүстік жарты шардан нарыққа шығуына байланысты.

«Аргентинада егін жинау науқанының басталуымен жүгері бағасы күрт төмендеді», – деп жазылған баяндамада.

Ет бағасының индексі 1,4%-ға төмендеді, бұл көрсеткіш жетінші ай қатарынан тіркеліп отыр. Құс еті бағасының төмендеуі сұраныстың аздығымен мен ұсыныстың жоғары болуына байланысты. Шошқа еті Қытайдың өз өндірісін арттыруына байланысты арзандады. Сиыр еті бағасы төмендесе, қой еті импорттық сұраныстың жоғары болуына байланысты қымбаттады.

Өсімдік майы бағасының индексі 0,1%-ға ғана өсті. Пальма және күнбағыс майы қымбаттаған, ал соя мен рапс майының бағасы төмендеді.

Сүт өнімдерінің баға индексі желтоқсан айындағы қайта қаралған көрсеткішпен салыстырғанда өзгеріссіз қалды.

Қант бағасының индексі 0,8%-ға өсті. Бұл динамика Бразилиядағы жауын-шашын мөлшерлінің аздығымен түсіндіріледі. Осы өнімді өндіруші жетекші елдер Таиланд пен Үндістандағы өндіріске қатысты да жағымсыз болжамдар жасалып отыр.

Еске сала кетсек, Қазақстандағы жылдық инфляция 2023 жылғы қаңтарда 9,5%-ды құрады. Ал желтоқсандағы көрсеткіш 9,8% көрсетті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді.

Азық-түлік тауарларының бағасы 8,2%-ға, азық-түлікке жатпайтын өнімдер 8,6%-ға, ал ақылы қызметтер 12,3%-ға өсті.

Айта кетейік, Біріккен Ұлттар Ұйымы 2024 жылғы экономикаға қатысты болжамын жариялады.

Біріккен Ұлттар Ұйымы 2024 жылға арналған «Жаһандық экономикалық жағдай мен мүмкіндіктер» баяндамасын жариялады. 2023 жылғы жаһандық экономикалық өсім күткеннен де жақсы болып шыққанымен, дағдарыс әлі де жалғасып жатыр. БҰҰ бұл үздіксіз даму мақсаттарына жетуге кедергі болуы мүмкін. екендігін айтады. Оған қоса халықаралық ұйым шиеленісе түскен геосаяси жағдай, табиғи апаттар мен экстремал ауа райының жиілеуі де экономикалық жағдайға әсер етпей қоймайтынына тоқталды.