Қазақстанда жаңа уақыт белдеуінің енгізілуіне байланысты әуе рейстерінің кестесі өзгереді

Жарияланды (жаңартылды )
Қазақстанда жаңа уақыт белдеуінің енгізілуіне байланысты әуе рейстерінің кестесі өзгереді/ Фото:shutterstocks

Қазақстанда жаңа уақыт белдеуінің енгізілуіне байланысты әуе рейстерінің кестесі өзгереді. Бұл туралы «QAZAQ AIR» әуекомпаниясы хабарлады.

«Елімізде жаңа уақыт белдеуінің енгізілуіне байланысты 1 наурыздан бастап рейстер кестесінің өзгергені туралы хабарлайды. Үкіметтің 2024 жылғы 19 қаңтардағы № 20 қаулысына сәйкес 5-ші сағат белдеуі (UTC +5) ҚР бүкіл аумақа қолданылатын болады», – деп хабарлады компания.

Қазақстанда 2024 жылғы 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні (сағат 00:00-де) жергілікті уақыт 1 сағатқа кейін шегеріледі. Оның ішінде Астана, Алматы, Шымкент қалалары, Абай, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Жетісу. Сонымен қатар Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау, ШҚО бар.

«Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 29 қаңтарына дейін Астана, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Орал, Шымкент, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Түркістан, Қызылорда, Өскемен, Талдықорған және Жезқазған қалаларына/қалаларынан рейстерге әуе билеттерін сатып алған жолаушыларға ұшу уақыты 2024 жылдың 1 наурызында 00:01-ден бастап (Астана уақыты бойынша) рейс билетте көрсетілген уақыттан 1 сағат бұрын орындалатынына назар аудару қажет», – деп хабарлады әуе компаниясы.

Жаңа уақыт белдеуі ұшақ рейстеріне өзгеріс әкелді

2024 жылдың 29 қаңтарынан кейін әуе билеттерін сатып алған жолаушылардың билеттерінде өзгеріс болады. Жоғарыда аталған бағыттар бойынша билеттерінде жаңа белдеуге сәйкес уақыт көрсетілген. Ұшу және келу уақытының өзгеруі туралы ақпарат жолаушыларға SMS-хабарламалар түрінде жіберіледі. Ал әуе билеттерін сатып алу кезінде көрсетілген мекенжайларға электрондық пошта арқылы жіберілді.

Бұл ретте Көлік министрлігінде Қазақстанның барлық аумағында 5-ші уақыт белдеуін қолдану бойынша кеңес өтті.

Жиынға Қазақстанның авиациялық әкімшілігі, «Қазаэронавигация» РМК, отандық әуежайлар қатысты. «Эйр Астана», FlyArystan, SCAT, Qazaq Air, Turkish Airlines, FlyDubai әуе компаниялары болды. Сондай-ақ елімізге келетін әрі елімізден шығатын тұрақты жолаушылар рейстерін орындайтын басқа да шетелдік тасымалдаушылардың басшылары да қатысты.

Жиналыста әуе компаниялары мен әуежайларға жолаушыларды уақтылы хабардар ету, билеттерді брондау әрі сату бойынша жүйелерді жаңарту бойынша тиісті жұмыс жүргізу тапсырылды.

Осыған байланысты Астана, Алматы, Шымкент, Көкшетау, Тараз, Балқаш, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Түркістан, Өскемен, Семей, Талдықорған және Жезқазған қалаларына/қалаларынан рейстерге әуе билеттерін сатып алған жолаушыларға ұшу уақыты 2024 жылғы 1 наурыз сағат 00:01-ден басталатын рейстер бойынша нақты ақпаратты әуекомпаниялардың Call орталықтарынан біледі. Сонымен қатар арнайы қосымшалары арқылы әуежайлардың анықтамалық қызметтерінен нақтылау қажет.

1 наурыздан бастап жеңе уақыт белдеуіне көшеміз

Үкіметің 2024 жылғы 19 қаңтардағы қаулысына сәйкес Қазақстанның барлық аумағында 5-ші уақыт белдеуі қолданылатын болады.

2024 жылғы 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні (сағат 00:00-де) жергілікті уақыт 1 сағатқа шегеріледі. (Астана қ, Алматы қ., Шымкент қ., Абай, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Жетісу және Ұлытау облыстары).

Жуырда Сауда және интеграция министрі  Мәжілістен кейін өткен брифингте сағат белдеуі ауысатынына қатысты пікір білдірді. Айтуынша, еліміздегі 15 млн адам өз уақыт белдеуінде тұрмайды.

Сондай-ақ оқыңыз