Ұлттық Олимпиада комитеті депутаттардың сынына жауап берді

Жарияланды (жаңартылды )
нок
ҰОК депутаттардың сынына жауап берді/ Фото: shutterstock

Ұлттық Олимпиада комитеті мәжілісмендердің сынына жауап беріп, мемлекеттің ҰОК істеріне араласуы заңсыз және елдің имиджіне кері әсерін тигізуі мүмкін деп мәлімдеді. Бұл туралы ұйымның мәлімдемесінде айтылды.

ҰОК мәліметтері бойынша, комитет елдің спорттық қызметіне байланысты мәселелерді белсенді талқылауды бағалайды. Алайда мәжілісмендердің соңғы мәлімдемелері мен үндеулері аясында комитет өз рөлі мен функцияларын түсіндіруге шешім қабылдады.

Мәлімдемеде Ұлттық Олимпиада комитеті үкіметтік немесе коммерциялық емес, қоғамдық ұйым екендігі баса айтылған.

Сондай-ақ ҰОК-нің қызметін қаржыландыру мемлекеттік бюджетке байланысты емес сыртқы көздерден жүзеге асырылады деп хабарланады.

«Депутат мәлімдеген сандар комитет қызметіне ешқандай қатысы жоқ. Аталған мемлекеттік қаражат еліміздегі спортты дамытуға, спорт резервін дайындауға жіберіледі», — делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, Депутат Ермұрат Бапи Құлыбаев басқаратын Ұлттық Олимпиада комитетінің басшыларын ауыстыру қажет деп санайды деп хабарладық.

«Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті қызметіне Тимур Құлыбаев келгеннен бері спорттық жетістіктеріміз құлдырай бастады». Үкімет басшысының атына сауал жолдаған депутат сөзін осылай бастады.

Айтуынша, Тимур Құлыбаев келгелі Ұлттық Олимпиада комитетінің басшылығына кілең «Ескі Қазақстанның» өкілдері іріктеліп алынды.

«Оның ішінде, бір-біріне айнымас құда-жекжаттар мен миллиардер күйеудің олигарх-достары өріп жүр», – деп мәлімдеді Бапи.

Сонымен қатар депутат Ұлттық комитет басшылығына мүше болып сайлану жасына шектеу (70 жас) қойылғанын айтты. «Қазіргі мүшелердің ішінен бұл цензден асып кеткендер» де, жақындағандар бар екеніне де назар аударады. Ермұрат Бапидің пікірінше, ұлттық спорттың дамуына бұл да кері ықпал етуі мүмкін екен.

«Оның үстіне, баршаға мәлім, Тимур Құлыбаев Қазақстанның ең ірі 50 жеке бизнесі қатарына кіретін компаниялардың активтерін иелене отырып, бірқатар ірі бизнес жобаларды бақылайды, Оның ішінде: «АЛМЭКС» Холдингтік тобы, «Каспий Мұнай» және «Retro Retail» мұнай компаниялары бар. Мұндай шамадан тыс жүктемемен оның олимпиадалық спорт түрлерін дамытуға мүлдем уақыты жоқ деуге болады! Оның ойы елдің мұнайын сатып қалтасын толтыру. Спортты қайтсын?!», – деді Бапи.

Еске салайық, 2023 жылы 15 қыркүйек күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Құлыбаев басқаратын Ұлттық Олимпиада комитетін 30 жылдығымен құттықтаған еді.

«Мемлекет олимпиада қозғалысын дамытуға әрдайым баса назар аударады. Біз Халықаралық олимпиада комитетімен және басқа да беделді ұйымдармен ықпалдастықты нығайта береміз»,– деп мәлімдеген еді Тоқаев.

Сондай-ақ оқыңыз