Emirates әуе компаниясының басшысы Тим Кларк Boeing ұшақтарының сапасын сынға алды

Жарияланды
Шығарушы редактор
Boeing 737 MAX ұшақтарының сапасы төмендеп бара ма? Фото: www.shutterstock.com

Emirates әуе компаниясының басшысы Тим Кларк Boeing компаниясына тиесілі ұшақтардың сапасы күрт төмендеп кеткенін сынға алды. Ол Boeing 737 MAX ұшағының апаттық есігінің жұлынып кетуі – сапа стандарты төмендегінің белгісі деп тұжырымдайды. Тим Кларк компанияның бәрін түзетуге «соңғы мүмкіндігі» бар екенін атап өтті.

Emirates – әлемдегі ең ірі әуе компанияларының бірі. Оның бас директоры Financial Times газетіне берген сұхбатында Boeing стандарттары күрт құлдырап барады деп мәлімдеді.

Ол бұл жағдайды компанияны басқарудағы қателіктермен байналыстырады. Компания басшылары ұшақ сапасын инженерлік тұрғына жетілдірудің орнына, қаржы нәтижесіне басымдық берген.

Кларктың айтуынша, енді Boeing-тің жіберген қатесін түзету үшін «соңғы бір мүмкіндігі» бар. Сондай-ақ ол алғаш рет өз инженерлерін ұшақ өндірушінің өндірістік желілерін бақылауға жіберетінін айтты.

FT басылысы Emirates әуе компаниясы Boeing-тің ең ірі тұтынушыларының бірі екенін атап өтеді. ӘУЕ компаниясы қараша айында жалпы құны 52 миллиард доллар болатын 95 кең фюзеляжді Boeing 777 және 787 ұшағына тапсырыс берген.

«Олар (Boeing) ешкім тең келмейтін қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруы керек. Өз өндірістік процестерін қайта қарауы тиіс. Мен Дэйв Калхаун [бас директор] мен Стэн Дильдің [коммерциялық басшы қол қусырып, бекер отырмағанына сенімдімін… Бұл олардың соңғы мүмкіндігі», – деді Кларк.

Ол сонымен қатар компания 2021 жылы негізгі өндірістік желілерін Оңтүстік Каролинаға көшіргеннен кейін Boeing сапасын жоғалтты деп тұжырымдайды.

Қаңтар айының басында Alaska Airlines әуе компаниясына тиесілі Boeing 737 MAX 9 ұшағының апаттық есігі сапар кезінде жұлынып кеткен. Ұшақ Портленд әуежайына шұғыл қонып, ешкім зардап шеккен жоқ. Есікті кейін жергілікті тұрғын өз ауласынан тауып алған.

Азаматтық авиация комитеті елімізде тіркелген Boeing MAX ұшақтары қолданыстан алынбайды деп мәлімдеді.

Сондай-ақ оқыңыз