«Майқайыңалтын» кен орнындағы іздестіру-құтқару жұмыстары тоқтады

Жарияланды
«Майқайыңалтын» кен орнындағы іздестіру-құтқару жұмыстары тоқтады / ҚР ТЖМ

«Майқайыңалтын» кен орны аумағында автобуспен бірге шұңқырға құлап кеткен құтқарушыларды іздестіру-құтқару жұмыстары тоқтатылды.

«Апатты жою басшысының орынбасары – КӘАҚҚ РШО Павлодар филиалы директорының орынбасары Жарқымбеков жұмыс істейтін құтқарушылардың, экскаватор машинистерінің өміріне қауіп төнуіне байланысты жүргізіліп жатқан жұмыстарды тоқтата тұру туралы шешім қабылдады»,– делінген Павлодар облыстық төтенше жағдай департаментінің хабарламасында.

«GRP-RIDDER-GROUP» ЖШС жүргізген зерттеу қорытындыларына сәйкес шыңырау түбінде топырақ құрылымы өзгеріп, әлсірегені анықталған. Жүргізілетін жұмыстардың орнына да, астында да қуыстар бар екендігі белгілі болған. Аймақтағы құлау қаупі өте жоғары.

Аталмыш компанияның тексеруінен кейін учаскеде қандай да бір тау-кен, іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу іздестіру-құтқару жұмыстарының барлық қатысушысы үшін өте қауіпті екені анықталған.

Ақпаратқа сүйенсек, «Майкайыңалтын» басшылығы ӘҚҚБ РҚШ ҚҚ-мен бірлесіп, өнеркәсіптік қауіпсіздік, тау-кен, геологиялық жұмыстар саласындағы сарапшы апаттың барлық периметрін тексеру және жүргізіліп жатқан іздестіру-құтқару жұмыстарын жалғастыру немесе толық тоқтата тұру туралы қорытынды алу үшін тартылатын болады.

Осыған дейін министрлік аумақтағы авариялық-құтқару жұмыстарын тұтастай немесе олардың бір бөлігін тоқтата тұру туралы шешім қабылдау құқығы кеніш басшылығына берілгенін атап өткен

Апат туралы

4 қаңтарда Павлодар облысы Баянауыл ауданында «Майқайыңалтын» АҚ шахтасына құтқарушылар мінген автобус құлап кетті.

Кейін «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» ТЖД құтқарушылары құмнан 2 адамның мәйіті табылғанын  жариялады.

5 қаңтарда кеніш аумағында іздестіру-құтқару жұмысы аяқталмағаны, шахтаға құлап кеткен 2 адам әлі табылмағаны мәлімделді.

6 қаңтарда «Майқайыңалтын» шахтасындағы іздестіру-құтқару жұмысына 134 адам мен 37 бірлік техника жетті. 3 кинологиялық есепке қосымша 2 дрон жұмылдырылды.

 9 қаңтарда ТЖМ басшысы Сырым Шәріпханов «Майқайыңалтын» шахтасындағы құтқару жұмысы қашан аяқталатыны белгісіз екенін мәлімдеді.

Құтқарушылар мен жұмысшылар өте қиын және қауіпті жағдайда жұмыс істеп жатыр. Кез келген уақытта олардың өмірі мен денсаулығына қатер төнуі мүмкін, деп мәлімдеді ТЖ вице-министрі Бауыржан Сыздықов «Майқайыңалтын» кенішіндегі апатқа қатысты пікір білдіргенде.

15 қаңтарда «Майқайыңалтын» АҚ бұрынғы жұмысшылары басшыларын айыптап, кеніштегі апатқа объективті тексеру жүргізуді талап етті. Мемлекеттік комиссия мүшелеріне ашық хат жолдады. Олар қайғылы оқиғаға комбинат басшысының салғырттығы себеп болғанын айтты.

Айта кетейік, «Майкаинзолото» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы ретінде Милан Попович есімді азамат тіркелген. Қазақстан қор биржасында жария етілген «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-мен аффирленген тұлғалар тізіміне сәйкес, Попович Қазақстан азаматы емес. Кипрдегі компаниялар регистрінде оған қатысы бар 8 компания көрсетілген. RocketReahc сайтының ақпаратына сүйенсек, Милан Попович Швейцария азаматы. Ол Хюненберг қаласында тіркеуде тұр.  

Сондай-ақ оқыңыз