Транскаспий халықаралық көлік бағдары арқылы тасымалданған уран өнімдерінің үлесі айтарлықтай артқан

Жарияланды
kursiv.media

Президент «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповты қабылдады. Кездесу барысында АҚ басқарма төрағасы Мемлекет басшысына ұлттық компания қызметінің 2023 жылғы негізгі нәтижесі мен алдағы кезеңге арналған жоспары туралы баяндады.

«Бүгін Мемлекет басшысының қабылдауында болып, «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының 2023 жылғы негізгі нәтижелері мен алдағы кезеңге қойылған жоспарларымен таныстырдым. Атап айтсақ, өткен жылдың қорытындысы бойынша уран өнімдерін өндіру көлемі 21 мың тоннадан, ал «Қазатомөнеркәсіп» тобының сату көрсеткіші 18 мың тоннадан асты. Сонымен қатар Президентке «Қазатомөнеркәсіп» тарапынан жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалар туралы мәлімет бердім. Өңірлердегі жасалып жатқан әлеуметтік жобалар туралы айтып өттім», – деді Мейіржан Юсупов.

Оның айтуынша, 2023 жылы Транскаспий халықаралық көлік бағдары арқылы тасымалданған уран өнімдерінің үлесі айтарлықтай артқан.

«Одан басқа «Қазатомөнеркәсіп» минералдық-шикізаттық базаны кеңейту және толықтыру жұмыстары жайында және алдымызға қойған жоспарлар туралы мәлімет бердім», – деді «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ басқарма төрағасы.

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» жұмысының тиімділігін арттыру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Еске сала кетсек, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК 2023 жылы алдыңғы жылмен салыстырған уран оксидін 10 пайыз артық сатып, 16,3 мыңнан 18 мың тоннаға дейін жеткізген. Компания 2023 жылдың IV тоқсанындағы қызметінің операциялық нәтижесін ұсынды.

2023 жылдың қорытындысы бойынша өндіріс және сату көлемі компания күткендей болған. Былтыр компания тобының да, ҚАӨ-дың да сатылым көлемі 2022 жылмен салыстырғанда жоғары болған. Оған клиенттердің қолданыстағы келісімшарттар шеңберінде жылдық жеткізу көлемін ұлғайтуға қосымша сұраныстары әсер еткен. Сондай-ақ 2023 жылы жаңа ұзақ мерзімді келісімшарттардың жасалуы ықпал еткен.

«Төртінші тоқсанда да, 2023 жылдың қорытындысы бойынша да сатудың орташа бағасы уранның спот бағасының жоғарылауына байланысты 2022 жылдың ұқсас кезеңдерімен салыстырғанда жоғары болды», – делінген есепте.

Компанияның қазіргі келісімшарт портфолиосы уранның спот бағасымен байланысты. Дегенмен 2023 жылы кейбір ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша жеткізілімдерде белгіленген баға компоненттері, соның ішінде салыстырмалы түрде төмен спот бағалары жағдайында қалыптасқан баға тербелісі болған.

Өндіріс көлемі 2023 жыл соңында 100% негізде және меншік үлесіне пропорционал түрде 2022 жылдың ұқсас көрсеткіштерінен төмен болды. Компания бұл негізінен 2023 жылға арналған өндіріс жоспарының аздап төмендеуіне байланысты екенін атап өтті.

Компания биыл 21-22,5 мың тонна уран оксидін өндіреміз деген болжам жасап отыр. Ал сатылым көлемі 165 мың тоннаны құрауы ықтимал.

Компания 2023 жыл соңына дейін Транскаспий маршруты арқылы Еуропаға уран жеткізу көлемін 71%-ға арттырды.

Былтыр әлемдік нарықта уран бағасы қымбаттағанымен, компанияның 9 айдағы пайдасы 1,7%-ға азайған. Қаржы есебінде компанияның таза пайдасы 300, 974 млрд теңгені құрағаны жазылған.

Сондай-ақ оқыңыз