Qazaqstan Investment Corporation директорлар кеңесінің құрамы өзгертілді

Жарияланды (жаңартылды )
Совет директоров Qazaqstan Investment Corporation сменился наполовину
Qazaqstan Investment Corporation құрамы өзгертілді/ Фото:kursiv.media

Qazaqstan Investment Corporation компанияның директорлар кеңесінің құрамы өзгертілді. Бұл ақпарат Қазақстан қор биржасының (KASE) сайтында жарияланды.

Директорлар кеңесінің құрамына Үсен Ғалым және Ерлан Аушарипов кірді. Айта кетейік, Үсен Ғалым «Бәйтерек» Ұлттық холдингі басқармасының орынбасары. Сондай-ақ Қазақстанның Даму Банкінің Директорлар кеңесіне кіреді. Ал Ерлан Аушарипов «Даму» Қорының Директорлар кеңесінің құрамына кіреді. Ол өткен жылдың желтоқсан айының соңында Қордың жалғыз акционері «Бәйтерек» холдингінің өкілі болды.

Вячеслав Сон директорлар кеңесінен шығарылды. Ол басқарма орынбасары қызметін атқарады. «Qazaqstan Investment Corporation» жалғыз акционерінің өкілі Әділ Мұхамеджанов өткен жылдың 4 желтоқсанынан бастап өкілеттігінен мерзімінен бұрын айырылды.

«Qazaqstan Investment Corporation» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің мүшелеріне Ғалым Үсен Асқарұлын «Qazaqstan Investment Corporation» директорлар кеңесінің төрағасы етіп сайлау ұсынылсын», – делінген құжатта.

Сондай-ақ Директорлар кеңесінде Николас Роберт Пейдж, Фавале Марсия Элизабет Кристиан и Анна Фокина бар.

Qazaqstan Investment Corporation, Қазақстанның Даму Банкі, «Даму» Қоры толығымен «Бәйтерек» холдингіне тиесілі.

Qazaqstan Investment Corporation негізгі міндеті – экономиканың шикізаттық емес секторларындағы, негізінен Орталық Азия өңіріндегі жобаларды бірлесіп қаржыландыру үшін Қазақстанға шоғырланумен жергілікті және халықаралық инвесторларды тарту. Қаржыландыру QIC тікелей инвестициялық қорлары арқылы жүзеге асырылады. Бүгінгі күні Корпорация – $2,1 млрд жалпы капиталдандырумен 17 тікелей инвестициялар қорының қатысушысы.

QIC қазақстандық тікелей инвестициялар нарығын дамытады және тікелей инвестициялар саласында халықаралық ойыншыларды тарту үшін инфрақұрылым қалыптастырады.

Еске сала кетсек, Қазақстанға көшкен ең ірі күміс және алтын өндіруші Polymetal International plc. негізгі акционерінің ауысқаны туралы хабарлады.

Оман үкіметіне тиесілі Mercury Investments International (MII) қорының еншілес ұйымы  –Maaden International Investment LL кен өндіруші компанияның 23,9% акциясын сатып алған. Нәтижесінде ол компанияның ірі акционеріне айналды.

Сонымен қатар «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясында Басқарма төрағасының орынбасары ауысты.

Нұрсейіт Союнов «ҚазМұнайГаз» ҰК (Самұрық-Қазынаның еншілес ұйымы) басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Бұған дейін осы қызметті атқарған Дәулетжан Хасанов 2024 жылдың 30 қаңтарынан бастап қызметінен кеткен. Ол ҚМГ-да мұнай барлау және өндіру блогына жетекшілік еткен.

Сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Ақтау қаласындағы өкілдігінің директоры лауазымындағы жұмысын да аяқтаған.

«Нұрсейіт Союнов «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды, сонымен бірге оған «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Ақтау қаласындағы өкілдігі директорының міндеттері қоса жүктелді. Бұған дейін Н.Союнов «Қаражанбасмұнай» АҚ Бас директоры қызметін атқарған», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ оқыңыз