Ажар Ғинияттың орнына Ақмарал Әлназарова тағайындалды

Жарияланды (жаңартылды )
Ақмарал Шәріпбайқызы Әлназарова Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі лауазымына тағайындалды / akorda.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ақмарал Шәріпбайқызы Әлназарова Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі лауазымына тағайындалды.

Ақмарал Әлназарова 1971 жылы Қызылорда қаласында туған. 

Алматы мемлекеттік медицина институтын (1994) «педиатрия», Қорқыт университетін (2006) «экономист» мамандығы бойынша бітірген. 

Қазақстанда да, шетелде де қосымша оқудан өтті.  

Медицина ғылымдарының докторы (2010)

Қызылорда қалалық балалар ауруханасының қабылдау бөлімінің дәрігері;

Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының Қызылорда филиалының кіші ғылыми қызметкері (1997-1999);

Бөлім бастығы, облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары (1999-2001);

Қызылорда облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері (2001-2003);

Қызылорда облысы Денсаулық сақтау басқармасының бастығы (2003-2004);

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің облыстық басқармасының бастығы (2005-2007);

Қызылорда медициналық колледжінің директоры (2007-2013);

Сонымен қатар Қызылорда облысы әкімінің орынбасары (02.2013-12.2014);

Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы (12.2014-11.2015);

Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы (11.2015-04.2019);

«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары (04.2019-06.2020)

Облыстық мәслихаттың IV және V шақырылымдарының депутаты, Әлеуметтік сала және мәдениет мәселелері жөніндегі комиссияны басқарды.

2007 жылдан бері AMANAT партиясының мүшесі.  

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният болды. Ол ведомство басшысы қызметін 2022 жылғы 11 қаңтардан бастап атқарды.

Еске сала кетсек, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжілістің пленарлық отырысына қатысып, депутаттарға жаңа премьер ретінде Олжас Бектеновтің кандидатурасын ұсынды. Мәжілісте 69 депутат Президенттің ұсынысымен келісіп, 7 депутат қалыс қалды.

Алайда президент ұсынған кандидатураны таңдау кезінде Amanat және «Ақжол», Respublika, «Ауыл» партияларының фракциясы шешіммен келісіп, ЖСДП мен Қазақстан халық партияларының фракциясы қалыс қалды.

Осыған дейін Amanat партиясы жаңа премьер-министр ретінде Олжас Бектеновтің кандидатурасын ұсынған еді.

Сондай-ақ оқыңыз