Жапония 20 ақпаннан бастап ресейлік мұнайға қойылатын шекті баға ережелерін қатаңдатады

Жарияланды
Жапония ресейлік мұнайға шекті баға ережелерін қатаңдатады/kursiv.media

Жапонияның Қаржы министрлігі G7 елдерінің қолдауымен 20 ақпаннан бастап ресейлік мұнай бағасының шекті деңгейін сақтау шараларын қатаңдатуға ниетті. Бұл туралы Nikkei басылымы хабарлайды.

Басылымның хабарлауынша, бұл шешімді Еуропалық Одақ (ЕО) елдері мен Австралия да қолдаған.

Сақтандыру компаниялары мен тасымалдаушылар ресейлік мұнайға белгіленген баға шектен аспайтынына кепілдік беруі қажет. Бұл кепілдік сақтандыру немесе тасымалдау шартының барлық мерзіміне жарамды. Жапонияның Қаржы министрлігі әрбір жүк тиеу үшін осындай құжатты ұсынуды талап етіп отыр. Осы арқылы бұл ережелерді қатаңдату ұсынылды.

2022 жылдың желтоқсанында G7 елдері, Еуропалық Одақ және Австралия баға шегі туралы келісімге келді. Соған сәйкес халықаралық компаниялар ресейлік мұнайды барреліне 60 доллардан төмен бағамен тасымалдайды. Сақтандыруға қатысты да осы талап қойылады.

2023 жылдың 5 ақпанынан бастап Ресейден келетін мұнай өнімдерінің бағасы барреліне 100 доллар және 45 доллар деңгейінде шектеу енгізілген.

2023 жылдың желтоқсанында АҚШ пен G7-нің басқа елдері Urals бағасының шекті деңгейін бақылауды күшейтті. Атап айтқанда, АҚШ қаржы министрлігі ресейлік мұнайды тасымалдаған танкерлерге қарсы санкция салды.

Еске сала кетсек, Bloomberg агенттігі РФ төл маркалы «қара алтынын» бұған дейін белгіленген шекті бағамен емес, айтарлықтай жоғары тарифпен сатып жатыр, деп жазды.

Кейін жалпы көлемі 5 млн жуық баррель ресейлік «Сокол» мұнайын тиеген 6 танкер Үндістанға бара жатқан жолда тоқтап тұрғаны белгілі болды. Танкерлердің тоқтауының нақты себебі әзірге белгісіз.

Сондай-ақ оқыңыз