AIX-те Polymetal акцияларының саудасы «қыза» түсті

Жарияланды (жаңартылды )

Astana International Exchange биржасында Polymetal акцияларының саудасы артты/ shutterstock

Astana International Exchange биржасында үшінші ай қатарынан рекордтық көрсеткіш тіркеліп отыр. Оған Polymetal International акцияларының саудасы ықпал етті.

Бұл туралы AIX-тің 2024 жылдың қаңтар айындағы сауда операциялары туралы шолуында жазылған.

«Сауда-саттық көлемі үшінші ай қатарынан рекордтарды жаңартуды жалғастыруда. 2024 жылдың қаңтарында оның көлемі 43 967 805 АҚШ долларына (19 811 860 014 теңге баламасы) жетті», – деп хабарлады Astana International Exchange баспасөз қызметі.

Биржадағы жалпы сауда көлемі осыған дейінгі ең жоғары көрсеткішке жетті. Көрсеткіш 25,5 млн долларды құрады.

2024 жылдың қаңтарындағы жағдай бойынша Polymetal International Қазақстандағы ең белсенді саудаланатын акция болып қала береді. Акциялар сегментіндегі саудаға шетелдік қатысу 37%-ды құрады.

Айта кетерлігі, тамызда Polymetal Лондон қор биржасы (LSE) листиң тізімінен шығу процедурасын аяқтады, деп хабарлады компания.

Компанияның LSE биржасындағы акциялар сауда-саттығы тамыз айының басында тоқтатылды.

Polymetal акциялары Қазақстандағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) биржасында (AIX биржасы) баға белгілеуді жалғастыруда. Ол сауда-саттықтың бастапқы алаңына айналды. Бұған дейін компания басшысы Виталий Несис компания тамыз айының соңына дейін Мәскеу биржасында сауданы қайта бастауға үміттенетінін айтқан болатын.

2024 жылдың 29 қаңтарында ірі күміс және алтын өндіруші негізгі акционерінің ауысқаны туралы хабарлады.

Оман үкіметіне тиесілі Mercury Investments International (MII) қорының еншілес ұйымы  – Maaden International Investment LL кен өндіруші компанияның 23,9% акциясын сатып алған. Нәтижесінде ол компанияның ірі акционеріне айналды.

Александр Несиске тиесілі ICT Holding-тің еншілес ұйымы – Powerboom Investments Limited омандық компанияға өз иелігіндегі 113 201 189 акциясын сатқан. Мәміле нәтижесінде ICT Holding Polymetal-дағы өз үлесін толығымен өткізді. Сәйкесінше, ICT Holding өкілі Константин Янаков «Полиметал» директорлар кеңесінің құрамынан шыққан. Ал омандық компания өз өкілін директорлар кеңесінің құрамына жақын арада ұсынады. Мәміле құны жарияланбаған.

MII – Оманда тіркелген және Оман Сұлтанатының үкіметіне толық тиесілі инвестициялық компания. Ол Сұлтанаттың басым стратегиялық бағыттарына сәйкес, бірқатар халықаралық салаларға, соның ішінде тауар және қаржы секторындағы компанияларға инвестиция салады.

Сондай-ақ оқыңыз