Toyota компаниясының таза табысы 1,9 есе артты

Жарияланды
Toyota компаниясының таза табысы 1,9 есе артты / Kursiv.media

Жапондық Toyota Motor Corp. компаниясының III тоқсандағы таза табысы 1,9 есеге, кірісті 23%-ға артты. Бұл екі көрсеткіш те нарықтық болжамдардан жоғары, деп жазды компанияның баспасөз қызметі.

Өндіруші ақпаратына сүйенсек, оның соңғы тоқсандағы таза пайдасы өткен қаржы жылының III тоқсанындағы 727,9 млрд иенмен салыстырғанда 1,36 трлн иенді (9,13 млрд доллар) құрады.
Компанияның тоқсан сайынғы кірісі Солтүстік Америка мен Еуропадағы сауда көлемінің өсуіне байланысты жақсарды. Атап айтқанда, бір жыл бұрынғы 9,75 трлн иеннен 12,04 трлн иенге дейін өсті.

Quick сауалнамасына қатысқан сарапшылардың болжамы басқа еді. Олар Toyota-ның таза табысын орта есеппен 11,562 трлн иен, кірісін 1,07 триллион иен деңгейінде болжаған. Осылайша жапондық өндіруші таза табыс бойынша болжамын 3,95 трлн иеннен 4,5 трлн иенге (өсім 84%) арттырды. Ал ал кірісін 43 трлн иеннен 43,5 трлн иенге дейін жақсартты.

Алайда Toyota автокөлік сатылымы бойынша болжамын 11,38 млн-нан 11,23 млн-ға дейін төмендетті. Бұл негізінен Daihatsu маркалы автокөліктердің өндірісінің тоқтауына байланысты.
2023 жылы автоконцерн көлік сатылымын рекордтық 11,2 миллион көлікке дейін арттырды. Бүгінгі саудада компания акциялары 4,8%-ға қымбаттады. Соңғы 12 айда олардың құны 65%-ға өсті.

Еске сала кетсек, бұған дейін Bloomberg басылымы Toyota-ның жапондық бәсекелестері де автокөлік өндірісін ұлғайта бастағанын хабарлаған. Басылым дерегінше, Nissan және Honda 2023 жылғы қараша айында автокөлік өндірісін 27%-ға арттырды. Nissan-ның Қытайдағы сатылымы қазанда 83%-ға өсті. Солтүстік Америка мен Қытайда Honda-ның сатылымы да жоғары динамика көрсетті.

Айта кетейік, жапондық Toyota Motor 2026 жылы толық электрлі көлік желісінің жаңа буынын (BEV) шығаруды жоспарлаған.

Сондай-ақ оқыңыз