Жаңалықтар

Үшінші кезең: декларацияны қай уақытқа дейін тапсыру керек?

декларация
Декларация бойынша 250.00 формасын 15 қыркүйекке дейін тапсыру керек / Фото: shutterstock

2024 жылдан бастап декларацияның үшінші кезеңі басталды. Осыған орай Мемлекеттік кірістер комитеті арнайы жадынама дайындады.

Үшінші кезең шеңберінде 2024 жылғы 1 қаңтардан басталады. Биыл декларацияны заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары (қатысушылары) дара кәсіпкерлер тапсыруға тиіс. Сондай-ақ олардың жұбайлары тапсыруға тиіс.

Декларацияны әрекетсіз және қызметін тоқтатқан тұлғалар да тапсыруы керек. 2024 жылы декларациядан филиалдар мен өкілдіктердің басшылары босатылады.

«Азаматтық кодекстің нормаларына сәйкес филиалдар мен өкілдіктер заңды тұлғалар болып табылмайтындықтан, 2024 жылы филиалдар мен өкілдіктердің басшыларында декларацияны ұсыну бойынша міндеттеме туындамайды», – делінген комитет хабарламасында.

Осы жылы активтер мен міндеттемелер туралы декларация тапсырудан жеке практикамен айналысатын адамдар босатылады.

Декларацияны қай уақытқа дейін тапсыру керек?

Комитет 2024 жылдан бастап жеке тұлғалардың декларациясын тапсырудың ортақ мерзімін бекітті. Активтер мен міндеттемелер туралы декларация тапсырудың 250.00 формасын 2024 жылғы 15 қыркүйекке дейін тұрғылықты жері бойынша тапсыру қажет. Бұл форманы азаматтар онлайн толтыра алады.

Оны «Салық төлеуші кабинеті», «Электрондық үкімет» веб-порталдары, «e-salyqАzamat», Halyk, Bank CenterCredit мобильді қосымшалары арқылы ұсынуға болады. Сондай-ақ азаматтар декларацияны қағаз нұсқада пошта арқылы немесе өздері барып ұсынуына болады.

Декларацияға дайындық

Комитет декларация тапсыратында шетелдегі және Қазақстандағы активтерді барынша ашық көрсеткен маңызды екенін ескертеді. Бұл активтер құны салық салынатын кірісті айқындау кезінде ескерілетін болады.

Декларацияны дұрыс тапсыру үшін:

  •       тиісті растайтын құжаттарды дайындау керек;
  •       бастапқы декларация берілген күнге дейін 2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша борыштар мен талаптарды нотариалды куәландыру қажет;
  •      декларация берілген сәтке дейін 2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша бірлігінің құны 3,5 млн теңгеден асатын мүлікті бағалау жүргізу керек;
  •      Қазақстанда активтер мен міндеттемелердің бар-жоғын анықталуға тиіс.

Қазақстанда активтер мен міндеттемелердің бар жоғын келесі сілтемелер арқылы білуге болады. Бағалы қағаздар бойынша: https://portal.kacd.kz,  тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттар бойынша: https://homeportal.kz, https://www.gov.kz/services/3910?lang=ru, зияткерлік меншік, авторлық құқық объектілері бойынша: https://gosreestr.kazpatent.kz, сенімгерлік басқаруға берілген мүлік бойынша: https://egov.kz/cms/ru/services/pass077_mu сайттарда тексеру ұсынылады.

Ал дебиторлық/кредиторлық берешектің болуы бойынша сұрау салуды Doculite жүйесі арқылы Республикалық нотариаттық палатаға жолдау қажет.

«Курсив» осыған дейін «Кәсіппен айналысатын отбасылар декларация тапсыратын кезең таяды: үшінші кезең туралы нені білуіңіз керек?» деген тақырыпта нұсқаулық әзірледі. Сонымен бірге 250.00 форманы толтыруға қатысты материалдар әзірлеген болатын.