«ҚазАвтоЖол» ауа райының нашарлауына байланысты жүргізушілерге үндеу жасады

Жарияланды (жаңартылды )
ҚазАвтоЖол жүргізушілерге ескерту жасады / Фото: shutterstock

7 ақпаннан бастап 9 ақпанға дейін еліміздің бірқатар облыстарында ауа райы бұзылады. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол » баспасөз қызметі хабарлады.

«Жетісу, Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Павлодар, Қызылорда, Қостанай, Абай, Солтүтсік Қазақстан, Түркістан, Қарағанды мен Ұлытау облыстарында жел екпіні секундына 30 метрге жетеді», – делінген хабарламада.

«ҚазАвтоЖол» ақпаратына сәйкес, желдің күшеюі, қар аралас жаңбыр салдарынан көктайғақ болады. Сондай-ақ таулы аймақтардағы қалың тұманнан көру қашықтығы төмендейді.

«Жол қызметкерлері көктайғаққа қарсы материалдарды дайындап, күшейтілген тәртіптегі жұмысқа кірісті. Дегенмен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін автокөлік қозғалысына уақытша шектеу енгізу мүмкіндігі туралы ескертеміз. Алыс сапарлардан бас тартып, аса қажеттілік болмаса елдімекен аумағынан шықпауларыңызды сұраймыз», – делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, боранға байланысты 6 облыста жол жабылып, СҚО-да мектептер қашықтан оқытуға көшірілді деп жазған едік.

Ақтөбе облысында – 3 учаске жабық. «Самара-Шымкент» жолының 776-965 шақырымы мен ЭКО Ойл ЖҚС-Қарабұтақ кентінің – 189 шақырымы жабылды. Шектеу автокөліктің барлық түрі үшін қолданылады.

Жүк және қоғамдық көлік түрлері үшін де шектеулер енгізілді. «Самара-Шымкент» автожолының 965-1153 шақырымында Қарабұтақ кенті мен Ырғыз кенті арасындағы – 188 шақырымында қойылған. Сондай-ақ «Самара-Шымкент» бағытының 1153-1240 шақырымында Ырғыз кенті-Қызылорда облысының шекарасына дейінгі шақырымына дейін енгізілді. Ақтөбе облысындағы қар мен бұрқасынға байланысты көрініс шектелген.

Елімізде ауа райының қолайсыздығына байланысты 5 облыста республикалық маңызы бар жолдарға шектеу енгізілді.

Атап айтқанда, Қарағанды облысында ауа райының нашарлауына байланысты «Екатеринбург-Алматы» мен «Астана-Теміртау» жол учаскелері жабылады деп хабарладық.

ҚазАвтожолдың хабарлауынша, елімізде қатты жел тұрып, боран соққандықтан, жол көрінісі нашарлады. Сондықтан «Ектеринбург-Алматы» тас жолының Жібек жолы ақы алу пунктінен Қарағанды облысының шекарасына дейінгі аймақта жол қозғалысы шектелді.

1 ақпанда Қазақстанда бес облыстағы республикалық маңызы бар тас жолдардың бес учаскесінде қозғалысқа шектеу енгізілген болатын.

Сондай-ақ оқыңыз