Жаңалықтар

Үндістандық кәсіпорындар 2030 жылға қарай мұнай өңдеу қуатын тәулігіне 1 млн баррельге арттырмақ

Үндістанда кәсіпорындар мұнай өңдеу қуатын арттырмақ/ Фото:shutterstocks

Халықаралық энергетикалық агенттіктің (ХЭА) мәліметі бойынша, Үндістандық кәсіпорындар 2030 жылға қарай мұнай өңдеу қуатын тәулігіне 1 млн баррельге арттырмақ. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлады.

India Energy Week форумында ХЭА -нің энергетикалық нарық және қауіпсіздік бөлімінің басшысы Кейсукэ Садамори «Үндістанда мұнайға сұраныстың артуы 2027 жылға қарай Қытайдан асып түседі» деп сөз сөйледі.

«Үндістан – экономикасы ең қарқынды дамып келе жатқан және халқы ең көп ел. Үндістан 2027 жылға қарай Қытайды жыл сайынғы мұнай сұранысы бойынша басып озады», – деді ол.

«Үндістандық кәсіпорындар 2030 жылға қарай мұнай өңдеу қуатын тәулігіне 1 миллион баррельге арттырмақ. Мұнай өңдеуді кеңейту ішкі сұранысты толық қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, Үндістанның Азия мен Атлант мұхиты бойынша көлік отынының негізгі экспорттаушысы ретіндегі өз рөлін сақтап қалады», – делінген хабарламада.

Халықаралық энергетикалық агенттіктің пайымдауынша, Үндістанда мұнай өндіру төмендей береді. Сондықтан ел мұнай мен сұйытылған табиғи газ импортына қатты тәуелді болады.

Айта кетейік, Жапония Қаржы министрлігі G7 елдерінің қолдауымен 20 ақпаннан бастап ресейлік мұнай бағасының шекті деңгейін сақтау шараларын қатаңдатуға ниетті.

Басылымның хабарлауынша, бұл шешімді Еуропалық Одақ (ЕО) елдері мен Австралия да қолдаған.

Сақтандыру компаниялары мен тасымалдаушылар ресейлік мұнайға белгіленген баға шектен аспайтынына кепілдік беруі қажет. Бұл кепілдік сақтандыру немесе тасымалдау шартының барлық мерзіміне жарамды. Жапонияның Қаржы министрлігі әрбір жүк тиеу үшін осындай құжатты ұсынуды талап етіп отыр. Осы арқылы бұл ережелерді қатаңдату ұсынылды.

2023 жылдың желтоқсанында АҚШ пен G7-нің басқа елдері Urals бағасының шекті деңгейін бақылауды күшейтті. Атап айтқанда, АҚШ қаржы министрлігі ресейлік мұнайды тасымалдаған танкерлерге қарсы санкция салды.

Bloomberg агенттігі РФ төл маркалы «қара алтынынды» , айтарлықтай жоғары тарифпен сатып жатыр, деп жазды.

Жалпы көлемі 5 млн жуық баррель ресейлік «Сокол» мұнайын тиеген 6 танкер Үндістанға бара жатқан жолда тоқтап тұрғаны белгілі болды. Танкерлердің тоқтауының нақты себебі әзірге белгісіз.