Талғат Ғазизов «Қазпошта» АҚ HP, PR және еңбек қауіпсіздігі жөніндегі басқарушы директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды «Қазпошта» АҚ баспасөз қызметі.
Ол 1986 жылы 21 қазанда Целиноград қаласында дүниеге келген.
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша және магистр дәрежесін әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша аяқтаған.
Сондай-ақ Майами университеті («Болашақ» халықаралық стипендиясы) PR мамандығы бойынша тәмамдады.
Еңбек жолын академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің Дүниежүзі тарихы және халықаралық қатынастар кафедрасында оқытушы болып бастады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Талдау және ақпарат орталығы» РМК-да жұмыс істеді.
2018 жылы «Зерде» Ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ Ақпараттық қамтамасыз ету және PR департаментінің директоры қызметін атқарды.
2019-2021 жылдары «Аманат» партиясы Орталық аппаратында коммуникациялар және талдау департаментінің директоры болды.
Сондай-ақ «AQGroup» және «Қазпошта» АҚ компаниялар тобында басқарушы директор қызметін атқарды.
Бұған дейін ол «Қазпошта» АҚ филиалы директорының орынбасары болған.
«Қазпошта» АҚ-да жүргізілген тексеру барысында 273 млн теңгеден астам қаржының жымқырылғаны анықталды. Бұл туралы ұлттық пошта операторының сайтында жазылды.
Еске сала кетсек, Мұнай мен уран өндірушілері кепіл қаражатын «Қазпоштада» орналастыра алады деп жаздық.
Көмірсутектер мен уран өндіру саласында банктік салым кепіліне қатысты қағидаларға өзгеріс енгізілді. Оған сәйкес жер қойнауын пайдаланушылар екінші деңгейлі бакнтермен қатар Ұлттық пошта операторының да қызметін пайдалана алады. Осыған орай Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы «Ашық НҚА» порталына орналастырылды.
«Кодекстің 57–бабына сәйкес кепіл нысанасы екінші деңгейдегі банкте немесе Ұлттық пошта операторында орналастырылған банктік салым ғана бола алады. Салым банктік кепіл шартын жасаған күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайтын ұлттық валютаның ресми бағамы белгіленетін теңгемен немесе шетел валютасымен енгізілуі мүмкін», – делінген құжатта.
Енгізілген өзгеріске сәйкес, кепілді соманы жер қойнауын пайдаланушылар береді. Оның иесі ретінде көмірсутектерді өндіру және уран өндіру саласындағы уәкілетті орган танылады. Банктерге немесе Қазпоштаға салынған қаражат есебінен жер қойнауын пайдалану операцияларының салдары жойылады, яғни бұл ақшаға бүлінген жерлер қалпына келтіріледі.