Ажар Ғиният МӘМС жүйесін реттей алмағандықтан қызметінен кетті ме – Дүйсенова жауап берді

Жарияланды
Ажар Ғинияттың
Дүйсенова Ажар Ғинияттың дәрігер ретінде жақсы жұмыс атқарғанын айтты / Фото: kursiv.media

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Ажар Ғинияттың не себепті қызметінен кеткендігін түсіндіріп берді.

Үкімет кулуарында журналистер Тамар Дүйсеновадан Ажар Ғинияттың министрліктен кетуіне не себеп болғанын сұрады.

«Ажар Ғинияттың министрліктегі қызметінен кетуіне МӘМС жүйесін реттей алмауы себеп болды ма?» деп сұрады журналист.

Дүйсенова міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінде шешілмеген мәселелердің бар екенін айтты. Бірақ бұрынғы министрдің елдің бас дәрігер ретінде өз қызметін жақсы атқарғынан айтты.

«Ажар Ғиният дәрігер ретінде өте жақсы жұмыс істеді. Бірақ МӘМС-те біраз мәселелер бар екені рас. Сондықтан да, қазір осы МӘМС-тің тиімділігін арттыру мәселесі көтеріліп жатыр. Соған сай жаңа өзгерістер болады деп сенеміз»,- деді.

Премьер-министрдің орынбасары кеңейтілген отырыста президенттің МӘМС жүйесін жетілдіруді тапсырғанын, сол бағытта жұмыстар жүргізілетінін атап өтті.

«МӘМС бойынша жұмысты бастадық Бірінші кезекте, медициналық қызметкерлерді қағазбастылықтан босату керек деп айтқан болатын. Бұрын әрбір мекеме 6 келісімшарт жасайтын еді, осы жылдан бастап, бір мекеме бір келісімшарт жасайтын етіп цифрландырдық. Екіншіден, арнайы математикалық модель жасадық. Оған сәйкес азаматтардың нақты ем алғаны туралы ақпарат цифрландырылады. Сонымен бірге әр азаматқа қызмет алған алмағын туралы ақпарат келіп отырады. Осы үші мәселені реттедік. Жұмыстар әлі де жалғасады»,- деді.

Еске сала кетсек, 5 ақпанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет отставкасын қабылдадады. Үкіметті басқару функциясы уақытша Роман Склярға жүктелді.

Amanat партиясы жаңа премьер-министр ретінде Олжас Бектеновтің кандидатурасын ұсынды.

Ал Мәжілістің пленарлық отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев депутаттарға жаңа премьер ретінде Олжас Бектеновтің кандидатурасын ұсынды. Amanat және «Ақжол», Respublika, «Ауыл» партияларының фракциясы бұл ұсынысты қабыл алған болса, ЖСДП мен Қазақстан халық партияларының фракциясы қалыс қалды. 

6 ақпан күні үкімет құрамы қайта жасақталды. 4 министрден өзгесі лауазымын сақтап қалды. ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният, ТЖМ басшысы Сырым Шәріпханов және Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров өз қызметтерінен айырылды.

Жаңа Қаржы министрі 45 жастағы Мәди Такиев болды.

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы болып 52 жастағы сенатор Ақмарал Әлназарова тағайындалды.

Ал 40 жастағы Шыңғыс Әрінов Төтенше жағдайлар министрі болды.

Бәйтерек холдингін басқарған Нұрлан Байбазаров Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі лауазымына тағайындалды. 

Жаңа құраммен жаңа басшы алғашқы жиынын өткізіп те үлгерді. Олжас Бектенов үкімет мүшелерін «аз сөйлеп, көп іс тындыруға» шақырды.  

Сондай-ақ оқыңыз