Қазақстанда азық-түлік бағасы айтарлықтай өсті

Жарияланды (жаңартылды )
Қазақстанда азық-түлік бағасы айтарлықтай өсті/ Фото: shutterstocks

Қазақстанда тұтыну бағаларының индексі бойынша 2024 жылғы қаңтарда 1,1% болды. Қаңтарда азық – түлік айтарлықтай қымбаттады. Қымбаттаған азық-түлік қатарына жұмыртқа 5%-ға, ал банан 6,7%-ға өсті. Жалпы, екі өнімнің бағасы жиі өседі. Бұл туралы DataHub телеграм арнасы хабарлады.

«Жұмыртқа бағасы маусымдық негізде өседі. Ал банан бағасы жыл мезгіліне қарамастан әрдайым өзгеріп отырады. Алайда қаңтар айындағы банан бағасының күрт өсуі еліміз импорттайтын Эквадордағы тұрақсыз саяси жағдай әсерінен болуы мүмкін», делінген хабарламада.

Азық-түлік тауарлары арасында көкөніс бағасы айтарлықтай өскен, қаңтарда қияр – 14,9%-ға , қызанақ – 18,5%-ға қымбаттады.

Бұдан бөлек, жоғары сапалы бидай ұнынан жасалған нан бағасы 1,9%-ға өссе, ашытқы- 2,5% -ға қымбаттады.

Қаңтар айында темекі бағасы 3%-ға өсті. Ал дәрі-дәрмек, – 2% – ға өскен.

«Жыл басында бензин 0,1% – ға, дизель 0,5% – ға арзандады. Бензин бағасы 2022 жылдың маусым айынан бастап алғаш рет, ал дизель отыны соңғы бес айда төртінші рет төмендеді», делінген хабарламада.

Ақылы қызметтерге тоқтала кетсек

Жолаушылар теміржол көлігі қызметтері 6,8%-ға , авто сақтандыру агенттері мен нотариустардың қызметтері 7%-ға қымбаттады.

Соңғы кездері коммуналдық қызметтердің бағасы айтарлықтай өсті. Жылыту бағасы 1,2%-ға және электр энергиясы 0,7%-ға өсті.

Айта кетейік, енді мемлекет нан, ұн, кеспе, қарақұмық, күріштің бағасын реттемейтін болды.

«Бірінші сортты бидай ұны, бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді), рожки (өлшеніп салынатын), қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын), тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын), картоп, майлылығы 2,5%, жұмсақ қаптамада пастерленген сүт, тауық жұмыртқасы (I санатты), аc тұзы («Экстра»-дан басқа) қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәні облыстық және республикалық маңызы бар қала, астана аумағында әрбір тоқсан үшін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының әрқайсысы бойынша бөлек айқындалады», – деп жазылған бұйрықта.

Еске сала кетсек, желтоқсанда Үкімет 2024 жылы әлеуметтік маңызды 19 азық-түлік тізімінен 9 тауарды алып тастауды көздеп отырғанын жазғанбыз.

СИМ Сауда комитетінің хабарлауынша, 2024 жылы 9 азық-түлік түріне шекті баға енгізілмейді. Бұл баға мен тарифтерді мемлекеттік реттеуден кезең-кезеңімен бас тарту жөніндегі Жол картасына сәйкес. Өйткені жергілікті нарықты отандық өндіріс 100 пайыз қамтып отырған көрінеді.

Сондай-ақ оқыңыз