Жаңалықтар

2023 жылы кассалық түсім бойынша «Таптым-ау сені» фильмі Голливудтың картинасын басып озған

2023 жылы кассалық түсім бойынша қазақстандық фильм «Аватар: Су жолын» басып озған / коллаж kursiv.media

2023 жылы қазақстандық «Таптым-ау сені» фильмі кассалық түсім бойынша голливудтық «Аватар: Су жолы» фильмін басып озған. 

Ticketon сервисінің ақпаратына сүйенсек, қазақстандық картина 2023 жылы 1,54 млрд теңге жинаған. Голливудтық фильм 1,17 млрд теңге (фильм прокатқа 2022 жылы желтоқсанда шыққан, желтоқсандағы қаржы есепке алынбаған – ред.) тапқан. Үшінші орында «Форсаж 10» фильмі 1,10 млрд теңге табыс тапқан. Үздік ондыққа отандық фильмдер қатарынан «Қазақша бизнес Үндістанда» фильмі енген. 

Өңірлер бойынша 14 қалада «Таптым-ау сені», 3 қалада «Чебурашка» фильміне келушілер көп болған. Тағы бір отандық картина «Міржақып. Оян, Қазақ» фильміне Павлодар тұрғындары көп келген. 

Сервистің хабарлауынша, 2023 жылы Қазақстан кинотеатрларында 469 фильм көрсетілген. Оның 15%-ы (72 фильм) отандық картина болса, өзге 85% (397 фильм) шетелдік. Алайда табыс табу жағына келгенде отандық фильмдер жалпы пайданың 33% (11 млрд теңге) отандық фильмдерде болса, 67% (23 млрд теңге) шетелдік картиналар.

Бұдан бөлек, Ticketon 2023 жылы қазақстандықтар ойын-сауыққа шамамен 57 млрд теңге жұмсаған. Бұл бір жыл бұрынғыдан 13,6 млрд теңгеге көп. Мәліметке сүйенсек, 3,5 миллионға жуық қазақстандық жылына кемінде бір рет ойын-сауық шараларына баратынын, ал 2,3 миллионға жуығы мұны тұрақты түрде көңіл-көтеретінін айтқан.Ticketon мәліметі бойынша, ойын-сауыққа жұмсалатын қаржының 62%-ы кино нарықта, 30%-ы концерттер, 4%-ы театр және спорт шаралар. 

Осыған дейін Курсив «Таптым-ау сені» фильмінің феноменіне талдау жасаған. Ануар Матжанов пен Дариға Бадықованың «Таптым-ау сені» фильмі – мақтау немесе айыптауға болатын сөзсіз хит. Желтоқсан айының басында шыққанымен, барлық жаңа жылдық мерекелерде үздік болды.