IPO аясында Air Astana акцияларының нақты бағасы белгілі болды

Жарияланды
Шығарушы редактор
Air Astana назвала окончательную цену на акции компании
IPO аясында Air Astana акциясы қанша тұрады / shutterstock

«Эйр Астана» әуе компаниясы IPO барысында алғашқы жария орналастыруға қатысты өтінімдер кітабын жинақтау аяқталғанын хабарлайды. Air Astana акцияларының нақты бағасы белгілі болды. Орналастыру бағасы 1 ғаламдық депозитарлық қолхат (ҒДҚ) үшін – $9,5 және қарапайым акция үшін 1 073,83 теңге (ҰБ ресми бағамына сай) деп белгіленген.

ҒДҚ базалық активі – компанияның қарапайым ациялары. Бұл ретте бір ҒДҚ-ның құны 4 (төрт) акция бағасына тең. Орналастыру бағасын негізге ала отырып, компанияның болжамдық нарықтық капитализациясы шамамен $847 млн құрайды.

Бұған дейін болжамды баға аралығы – бір қарапайым акция үшін 2,13 доллардан 2,75 долларға дейін белгіленген. Ал 1 ҒДҚ құны 8,50 және 11,00 АҚШ доллары аралығында болуы мүмкін делінген.

«Ішкі және халықаралық нарықтарда бізге деген қызығушылық өте жоғары болды және бұл өте сәтті IPO-ға әкелді, өтінімдер саны ұсыныстан бірнеше есе көп болды. LSE, KASE және AIX-те үш биржада орналастыру капиталды тарту үшін тамаша платформа болып, Қазақстан азаматтарына да, халықаралық инвесторларға да біздің жетістік тарихымызға қосылуға мүмкіндік берді. Бұл «Эйр Астана» тобы үшін қызықты жаңа кезеңнің басталуы. Барлық жаңа акционерлерімізді өсу стратегиямызды жалғастыра отырып қарсы аламыз», – деді «Эйр Астана» АҚ Президенті және Бас атқарушы директоры Питер Фостер.

AIX бирасына негізгі акционерінің бірі – BAE компаниясы сатқан 7,5 млн ҒДҚ, AIX пен KASE алаңына эмитент мен «Самұрық-Қазына» қоры сатқан 60,4 млн акция орналастылған.

Ал жаһандық нарыққа BAE компаниясы сатқан 14,2 млн ҒДҚ ұсынылған.

Жария орналстыру барысында шамамен 350 миллион доллар (салық пен шығынға дейін) немесе артық бөлу опциясы толығымен орындалса, 370 миллион доллар тартылады. Оның шамамен 120 миллион доллары өсу стратегиясын қолдауға бағытталмақ. Бұған дейін ІPO-дан $300 млн тарту көзделіп отырғаны хабарланған.

IPO нәтижесінде қазір компанияның 51 пайыз акциясына иелік ететін «Самұрық-Қазына» қорының үлесі 41 пайызға дейін төмендейді. Ал BAE компаниясының иелігінде 15,3% акциясы қалады.

Бүгін Лондон қор биржасында да AIRA тикерімен ҒДҚ-ның шартты саудасы басталды.
LSE-ге кіру және LSE-де ЖДҚ-ның шартсыз саудасы 2024 жылғы 14 ақпанда таңғы сағат 8-де басталмақ. Ал AIX пен KASE алағында қарапайым акцияларының шартсыз саудасы 2024 жылдың 15 ақпанында басталуы тиіс.

Сондай-ақ оқыңыз