Қазақстандағы пәтер бағасы үш жылда 40% қымбаттады

Жарияланды
Қазақстандағы пәтер бағасы үш жылда 40% қымбаттады / shutterstock

Үш жыл ішінде Қазақстанда қайталама нарықта пәтерлер орта есеппен 40% қымбаттады. Баға көбіне Ақтау, Ақтөбе және Алматыда өскен.

Krisha.kz хабарлауынша, Алматыда тұрғын үй бағасы үш жыл ішінде бір шаршы метр үшін 468 мыңнан 721 мыңға дейін өсті, өсім 54% құрады. Одан кейінгі орында тұрғын үй құны бойынша Астана тұр. Дегенмен елордада бағалар тез өскен жоқ. Небәрі 33,4%: 2021 жылы бір шаршы метрге 357 мың болса, биыл 476 мың.

Тізімде үшінші орынды республикалық маңызы бар тағы бір қала – Шымкент алады. Бүгінде қалада пәтердің бір шаршы метрі 420 мың теңге. Үш жыл бұрын бұл баға 312 мыңға тең болған. Яғни өсім 34,5%.

Арзан пәтерлер қай қалада

Пәтерлердің ең төменгі бағасы Қызылордада (бір шаршы метрге 239 мың, өсім – 52,7%), Ақтөбеде (287 мың, өсім – 61%), Талдықорғанда (302 мың, өсім – 40,9%).

Үш жыл ішінде бағалар ең жылдам өскен қала Ақтау. Бұл қалада өсім 67,7%, шаршы метріне 321 мың теңге. Krisha.kz сатылымға әсер ететін факторларды атап өтті. Оның қатарында зейнетақы активтерін алу, доллар бағамының өсуі, бастапқы нарықтағы құрылыс материалдары бағасының өсуі (қайталама нарық соған ілесіп отырады), 2022 жылы тұрғын үй құрылысының қарқынының төмендеуі бар.

Зейнетақы қаражатына тұрғын үй сатып алу 2021 жылдың қаңтарынан бастап мүмкін болды. Бұл сұраныс пен бағаның өсуіне әкелді. Тек сол бір жылда қазақстандықтар БЖЗҚ-дан 2,5 трлн теңгеге жуық қаражат алған.

Содан кейін 2022 жылдың сәуірінде Мемлекет зейнетақы қаражатын алу үшін жеткіліктілік шегін 70% арттыру туралы шешім қабылдады. Осыған қарамастан, құрылыс материалдары мен жұмыстардың қымбаттауынан кейін баға өсе берді.

2023 жылы нарық тұрақтанды. I тоқсанда бағалар аздап өсті, бірақ жаздың аяғында төмендеп, күзде тіпті құлдырап кетті. 

2022 жылдың желтоқсанынан бастап 2023 жылдың желтоқсанына дейін қайталама нарықтағы орташа баға тұрақты болып қалғанын жазған едік. Баға тек 0.6%-ға төмендеді.

2023 жылы қайталама нарықтағы тұрғын үй бағасы қаңтардан наурызға дейін сәл қымбаттады. Ал сәуір мен тамыз аралығында арзандады. Күзде бағалар тұралады. Айтарлықтай өсу де, құлдырау да болған жоқ. Қыста тұрғын үй нарығы бойынша тұрақтылық тенденциясы жалғасуда. Сондықтан желтоқсан айының қорытындысы бойынша 1 шаршы метрдің орташа баға 371 мың теңгені құрады.

Тұрғын үйдің қайталама нарығында бағаның өсу көшбасшылары –Ақтау (+10.2%), Алматы (+3.2%), Қызылорда (+1.8%), Атырау (+1.4%).

Сондай-ақ оқыңыз