Путин Ресей мен Украина түбінде бір келісімге келіп, екі ел қатынасы қайта жақсаратынын айтты

Жарияланды
Путин
Путин Ресей мен Украина түбінде бір келісімге келіп, екі ел қатынасы қайта жақсаратынын айтты / smotrim.ru

Ресей президенті Владимир Путин америкалық журналист Такер Карлсонға берген сұхбатында Ресей мен Украина түбінде бір келісімге келетінін айтты.

«Біз түбінде бір келісімге келеміз. Қазіргі жағдайда бұл сөзім ерсі естілер. Алайда екі ел қатынасы қайта жақсарады. Әрине, оған біраз уақыт  кетеді»,– деді Путин. 

Ол Украина мен Ресей қарым-қатынасына батыс елдерінің араласып отырғаны разы емес екенін айтты. Оған қоса, «орыс халқының бір бөлігін бөліп алу мүмкін еместігін» атап өтті.

Такерге берген сұхбатында Путин «2014 жылдан кейін Ресей Украина қатысты мәселені бейбіт жолмен шешуге тырысқанын», «Ресейдің келіссөздерден қашпағанын, ал Зеленскийдің Ресеймен келіссөзге тыйым салғанын», «Қырымға 2014 жылы қауіп төніп, Ресейдің оны қорғап қалғанын», «Украинада Грузия, АҚШ және Польша азаматтарының жалдамалы әскери қызмет етіп жүргенін», «Ресейдің Кеңес Одағын өз еркімен тарқатқанын», «АҚШ әлемдік БАҚ өкілдерін басқарып, үгіт-насихат жұмысында жеңіске жеткенін», «Ресейдің Польша, Латвия немесе өзге елдер территориясына қызықпайтынын», «Жаһандық соғыс ақылға қонбайтынын, мұның адамзатты жойып жіберетінін» айтқан.

Ресей мен Украина соғысы

Осыған дейін Ресей мен Украина арасындағы соғыс туралы шетелдік БАҚ-тың қалай жазып жүргені туралы жазған едік. Британиялық The Guardian басылымы соғыстың 658-күніне қатысты жаңалық жариялаған. Онда АҚШ президенті Джо Байденнің «Республика» партиясына Украинаға қажет әскери көмек көрсетпесе, Ресейге «рождестволық» сыйлық жіберетінін ескерткені туралы жазылған. Естеріңізде болса, Зеленский Ресеймен соғыста қолдау білдіріп, ақшалай көмек көрсетуін сұрау үшін Уашингтонға барған еді. Дегенмен республикалықтар бұл өтінішке оң жауап бермеді. Өкілдер палатасының спикері Майк Джонсон Байденнің Украинаға 61,4 млрд АҚШ доллары көлемінде жәрдем көрсету ұсынысын қолдамады.

CNN агенттігі Ресей Украинамен соғыста әскерінің 87 пайызын, танкілерінің үштен екісін жоғалтты деген ақпарат бөліскен. Бұл мәліметті агенттік АҚШ Конгресі үшін арнайы дайындалған құпия есептен алғанын хабарлапты.

«Ресей президенті Владимир Путин мұншалық үлкен шығынға қарамастан әуелгі ойынан бас тартпай, соғысты жалғастырмақ. АҚШ екі жылға ұзаған шиеленісте Украина әлі де осалдық танытып жатырғанын ескертеді. Украинаның күзге жоспарлап жүрген жойқын соққысы іске аспады, сондықтан АҚШ Киевтің жақын арада қандай да бір жақсы нәтиже көрсете қоятынына күмәнмен қарайды», – делінген басылым хабарламасында.

Сондай-ақ оқыңыз